Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет7/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   150
Байланысты:
munai

1.6. Қазақстанның оңтүстігіндегі 
жаңа кен орындарының ашылуы
Біздің елімізде шикізаттардың дəлелденген мол қорымен қатар, 
болжамды ресурстар көлемі де баршылық.
Қызылорда облысының жер қойнауы зəру табиғи қазба байлық-
тарға тұнып тұр. Мұнай шикізатының 300-350 млн. тонна, газдың 
60-100 млрд. текше метр мөлшеріндегі қорына барлау жасалды. Жаңа 
кен көздерін ашудың болашағының бар екендігі анықталып, қоңыр 
көмір мен жанғыш тақта тас кен орындары табылды. Темір тастың, 
фосфориттің, молибден-ванадий жəне циркон-титан кендерінің, шы-
ны өнеркəсібі үшін жоғары сапалы кварц құмының, əр алуан құрылыс 
материалдарының қоры жеткілікті. Жеріміз алтын мен күміске де 
кенде емес деген болжам бар. 
1980 жылдардың басында Қазақстанның оңтүстігінде жаңа мұ-
най кенорындары ашылды. Олардың ішіндегі ең маңызды – Құм-
көл. Торғай ойысының оңтүстік шегінде, Жезқазған қаласынан 
оңтүстік-батысқа қарай 230 км қашықтықта орналасқан. Оны игеру 
– Қызылорда облысындағы халық шаруашылығының жаңа саласы 


15
– мұнай химиясын, машина жасауды, құрылыс кешендерін салуды 
дамытып, Арал өңірінің бірнеше көкейтесті мəселелерін шешуге 
себін тигізері анық.
Құмкөл мұнайы тұтқыр, күкірт қосындысы шамалы, қара майлы
зиянды газдары жоқ, жер бетіне жақын орналасқан.
1983 жылы Құмкөлде алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылау бас-
талды, одан Оңтүстік Торғай ойпатындағы алғашқы мұнай кен 
орнының ашылуын белгілеген мұнай көзі 1984 жылы атқылады. 
Мұнай-газ кен орындарын барлаушылардың 1986 жылы қол жеткізген 
табыстарының ішінде Оңтүстік Торғай өңірінен Құмкөл мұнай-газ 
кенішінің ашылуы болды.
Құмкөл мұнай-газ кен орындарын игерудегі жетістіктер негі-
зінде 1991 жылы басқарма мұнайшылары алғашқы 1 млн.тонна мұ-
най өнімін өндірді. Осы жылы сəуірде КСРО мұнай өнеркəсібі ми-
нистрлігі «Құм көлмұнай» өндірістік бірлестігін құрды. 
«Оңтүстікмұнайгаз – 1985-96 жылдары Құмкөл кенішінде мұнай 
өндірумен айналысқан мемлекеттік акционерлік қоғам. Меншік ны-
саны – араласқан Оңтүстік-Торғай мұнай жəне газ кеніштерін иге-
ру мен барлау бастапқы кезеңде республиканың күшімен жəне қа-
ражатымен жүзеге асырылды. 1985-96 жылдары Құмкөлді игеруге 
6 млрд. теңге жұмсалды. АҚ құрамында 13 технологиялық жəне қыз -
мет көрсетуші бөлімше жұмыс істеді. 21 кешенді қондырғы іске қо-
сыл ды. 371 ұңғыма пайдалануға берілді. Кəсіпорындар сатылар қар са -
ңын да 10 млн. тонна мұнай өндірілді. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан ның 
басқа мұнай жəне газ кеніштерін барлауға, игеруге жəне кейін нен өнім 
өндіруге «ҚұмкөлЛукойл», «ҚазГермұнай», «Тұран Петролиум», 
«ҚуатАтоммұнай» бірлескен кəсіпорындары тартылды. 
1996 жылы Канаданың «Харрикейн Хайдрокарбондз ЛТД» ком-
паниясы Қазақстан Республикасымен арада қол қойылған жеке-
шелендіру туралы келісімге сəйкес, Құмкөл кен орындары кешенін 
иеленетін жəне басқаратын «Оңтүстікмұнайгаз» компа ниясын сатып 
алды. Сол сəтте Құмкөлдегі өндіру деңгейі, шамамен күніне 55000 
баррель мұнайды құраған еді. Аталған сатып алу-сату шарты бойынша 
жай дауыс беретін акциялардың 89,5%-ы Канада компаниясына 
тиесілі, қалған 10,5%-ы АҚ қызметкерлерінің үлесінде. Кəсіпорынның 
жаңа атауы – «ХаррикейнҚұмкөлМұнай» АҚ.
Құмкөл мұнайы «Шымкенторгсинтез» зауытында өңделеді. 


16


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет