10
аса тұз күмбездері орналасып, олардың 300-і Еділ-Жайық аралы-
ғында орналасқан. 1959-1960 жылдары Ақтөбе облысында Прорва
мен Боранкөл мұнай кəсібі қосылды.
Каспий бойы ойысындағы осы бассейннің маңында 32 мұнай-
газ кен орындары кездеседі. Ембі бассейнінің мұнайы мен газы жер
үстінен 50 метрде, 2417 метрлік тереңдікте орналасқан. Ал негізгі
қоры 800 метр тереңдіктің маңында. Бассейннің ірі кен орындары
Кеңқияқ, Прорва жəне Боранкөл. Кен орындарынан негізінде мұнай
насос арқылы сору əдісімен өндіріледі. 1966 жылы Прорва кенорны
пайдалануға беріліп, Кеңқияқты игеру басталды. Сол сияқты,
1967 жылы Жетібай кенорны пайдалануға берілді. Маңғыстау мұнай
өнімі 1965 жылғы 300 мың тоннадан 1970 жылы 10,7 млн. тоннаға
дейін өсті.
1970 жылы Өзен кенішінде дүниежүзінде алғаш рет қабат арасын-
да ыстық су айдайтын өндірістік қондырғы іске қосылды. Сол жылы
мұнай өндірудің компрессорсыз газлифтті тəсілі қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: