ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МҰНАЙ ЖƏНЕ ГАЗ ХИМИЯСЫ
Оқулық
Алматы, 2013
Қ. А. АБДУҚАДЫРОВА
ƏОЖ 665.6/.7 (075.8)
КБЖ 35.514я73
А 14
Пікір жазғандар:
Бейсебеков М.К.
– химия ғылымдарының докторы, профессор;
Жылқыбаев О.Т.
– химия ғылымдарының докторы, профессор.
Абдуқадырова Қ.А.
А 14 Мұнай жəне газ химиясы:
Оқулық. /Қ.А.Абдуқадырова. / Алматы-2013.
ISBN 978-601-7427-17-7
Оқулықта мұнайдың шығу тегінен бастап алғашқы кен орындары ашылуының негізгі
тарихи кезең дері, іздеу-барлау жұмыстары, мұнайды өндірудің əдіс-тəсілдері берілген. Мұнайды
өңдеудің термиялық, термокаталитикалық, гидрогенизациялық процестерінің химизмі, қондыр-
ғылардың технологиялық сызбанұсқалары, технологиялық режимі қарастырылған.
Оқулық жоғары педагогикалық оқу орындарының «5В011200-Химия», «5В060600-Химия»
мамандықтарының студенттеріне элективтік пəн ретінде ұсынылады.
ƏОЖ 665.6/.7 (075.8)
КБЖ 35.514я73
© Абдуқадырова Қ.А., 2013
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2013
ISBN 978-601-7427-17-7
3
Қазақ мұнайының 115 жылдығына жəне
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
70 жылдығына арнаймын
Автордан
АЛҒЫ СӨЗ
ҚР БжҒМ Білім беру стандартына сəйкес «Мұнай химиясы»
пəні қазіргі кезде жоғары педагогикалық оқу орындарының оқу
бағдарламасына элективтік курс ретінде енгізілді.
Ұсынылып отырған оқулық «5В011200-Химия», «5В060600-
Химия» мамандықтары бойынша білім алатын студенттерге арналып
дайындалды. Элективтік курс ретінде қазақ тілінде жарық көрген
мұнай химиясы пəнінен жоғары педагогикалық оқу орындарының
студенттеріне арналған оқулық жоқтың қасы.
Заманауи технологияның дамуына сай педагогикалық химия ма-
маны мұнай-газ саласы бойынша жан-жақты білім алып, жетістіктерге
жету үшін, мұнайдың шығу тегінен бастап, мұнайды өңдеудің негізгі
процестерін, мұнай өңдеуде қолданылатын қондырғылардың сыз-
банұсқасын дұрыс түсініп, оларға есептеулер жүргізе білуге ма-
шықтануы қажет.
Берілген оқулықта мұнай кен орындары ашылуының негізгі та-
рихи кезеңдері, іздеу-барлау жұмыстары; мұнайды өндіру мен өң-
деудің технологиясы; қондырғылардың есептеулері мен қажетті па-
раметрлері, мұнайдың құрамы мен классификациясы жəне қа сиеттері;
мұнай өнімдерін қолдану бағыттары; ҚР мұнай өңдеу саласында
туындап отырған экологиялық жағдайлар қарастырылған.
Сондай-ақ кітапта газ өнеркəсібі туралы кеңінен берілген.
4
Достарыңызбен бөлісу: |