Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


КІРІСПЕ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев



Pdf көрінісі
бет2/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Байланысты:
munai

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев 
Қа зақстан халқына Жолдауында (2010) анықтаған – «Біздің 
энер гетика мен мұнай химиясын дамытудағы басты мəселе, 
энергетикалық өнімдердің қосымша құнын арттыру арқылы, 
осы секторлардың кірістілігін арттыру. Əсіресе, басымдылық 
секторлар – мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық 
энергетикалық маршруттарды басқару тиімді болуы тиіс». 
Қазақ мұнайы елімізді əлемдегі үлкен экспортты елдердің қатарына 
қосты. Мұнай – байлық, үлкен қазына. Кейінгі жылдары орасан зор 
қарқынмен дамып келе жатқан мұнай саласы Қазақстанның əлемдік 
қоғамдастықтағы рөлін көрсетті. 
Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді басқарудағы бағыттар-
дың бірі – шикізатты, соның ішінде көмірсутек шикізатын кешенді 
өңдеудің инновациялық өндірістерін құру болып табылады. 
Энергетикалық ресурстар мүмкіндігін барынша пайдалануды, 
өзіндік құны жоғары мұнай-химия өнімдерін шығаруды қамтамасыз 
ететін, өзара байланысты өндірістерді құру – көшбасшы инвести-
ция 
лық жобаларда көзделген, оларды іске асыру Қазақстан эко-
номикасының бəсекеге қабілетті болып дамуын қамтамасыз етеді. 
Қазақстанның мұнай саласы – Қазақстан экономикасының негізгі 
салаларының бірі болып табылады. 
Ғарыштық түсірілімдер мен жерде жүргізілген зерттеулер нə-
тижелері бойынша, Каспий теңізінің солтүстік аймағында мұнай қоры 
3-3,5 млрд. тонна, газ қоры 2-2,5 трлн.м
3
құрайды. Қазіргі уақытта 
республикада Теңіз, Қаламқас, Қарашығанақ, Өзен, Жаңажол, 
Кенқияқ жəне тағы бірқатар ірі мұнай кен орындары іске қосылған. 
Республиканың басқа ірі мұнай-газ аудандары Оңтүстік Маң-
ғыстау-Үстірт ойпаңы жəне көтерілімі. Мұнда сұйық көмірсутегі 
қорының 56%-на жуығы кездеседі. Атырау – 75,6%, одан кейін 
Ақтөбе 9,1% қорға ие.
Мұнайдың дүниежүзілік барланған қоры – 306 млрд.тонна. Оның 
95 млрд.тоннасы – өндірістік өндірілетіні. Мұнай кен орындарының 
əлемдегі елдерде жəне аймақтарда орналасуы біркелкі емес. Жер 
шарында барланған 10 мың мұнай жəне газ кен орындары бар. Оның 


5
ішінде 1500 мұнай жəне 400-ден астам газ кен орындары біздің елде 
ашылған.
Республикадағы үлкен мұнай қоры мен техникалық-экономикалық 
көрсеткіштері мұнайды өндірудің көлемін күрт өсіруге мүмкіншілік 
береді.
Қазіргі уақытта Қазақстан жылына 50 млн. тонна мұнай өндіреді. 
Мұнай өнімдерін қазіргі уақытта сан алуан мақсаттар үшін пай-
даланады Мұнайды ішкі қолдану 20-25 млн. тоннаны құрайды.
ҚР Сараптау агенттігінің мəліметі бойынша ТМД елдерінің мұнай 
өндірушілерінің ішінде Қазақстан Ресейден кейін екінші орында тұр, 
ал 90 мемлекет кіретін əлемдік бірлестіктің алғашқы 30-ына кіреді.
Қазақстанда мұнай өңдеу 1945 жылы алғашқы рет басталды. Қазіргі 
уақытта республикада үш мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді. 
Бұл зауыттарда дайын мұнай өнімдері алынады. Оларға: Атырау, 
Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттары жатады, олардың жалпы 
қуаты жылына 19,4 млн. тоннаны құрайды.
Мұнайдан отын алумен қатар, қазіргі кезде мұнайды көптеген 
тұрмыстық заттар алуда бастапқы зат ретінде қолданады. Онымен 
өндірістің арнаулы саласы мұнай-химия өнеркəсібі айналысады. 
Химиялық өнеркəсіпте мұнайды дұрыс қолдану арқылы көптеген 
заттарды мұнайдан жетілдірілген процестер арқылы бөле отырып, 
алынған заттарды фармацевтика, бояу, машинажасау, авиация, жеңіл 
өнеркəсіп жəне т.б. бірқатар салаларда пайдаланылады.


6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет