Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45


жұмыстарына байланысты ұйымның өлшемі



Pdf көрінісі
бет16/126
Дата06.02.2023
өлшемі3,69 Mb.
#167541
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   126
Байланысты:
mendebaev-sapany (1)

.
жұмыстарына байланысты ұйымның өлшемі;
.
үдерістің өзара әрекеті және қиындығы;
.
персоналдың құзырлығы.
Құжат кез келген түрде болуы мүмкін. Жұмыс жағдайын басқару 
сапасын ұйым қолдауы және дайындауы қажет. Оның құрамында:
.
сапа менеджмент жүйесінің қолданылу аймағы;
.
сапа менеджмент жүйесін жасауда құжаттамалы рәсімдер;
.
сапа менеджмент жүйесіндегі өзара әрекетті үдеріс.
Сапа менеджмент жүйесінің құжаттары мен жазбалары міндетті 
түрде қадағалануы керек. Жазбалар жүйенің функционалды нәтиже-
лерін және сәйкестендіру талаптары жұмыс жағдайында жүргізілуі 
тиісті. Олар нақты әрі қайта реттелетін болуы керек. Басқару, сақтау, 
қорғау, қайта қалпына келтіру, сақталу мерзімін анықтау жұмыстарына 
құжаттар жасау керек. 
Ұйым жұмыс істеу жөніндегі сапаны қолдауы және жасауы керек.
Нормативті объектінің менеджмент жүйесі және үдерісі
Өндірістің табысты басқаруы мен бақылауы менеджмент жүйесіне 
негізделеді. Ұйымның менеджмент жүйесі сапа менеджментін және 
жалпы әкімшілік менеджментті қалыптастырады. Ұйым сапа менедж-
мент жүйесін енгізіп, құжаттандырып, дайындап, қолдап отыруы 
қажет. 
Ұйым:
.
Сапа менеджмент жүйесіне қажет үдерістерді анықтауы және 
оның барлық ұйымдарда жүзеге асуын қадағалауы қажет;
.
Сол үдерістердің өзара әрекеті мен жалғасымдылығын анық-
тауы қажет;


30
.
Үдерістерді анықтаумен қатар қолдану кезіндегі әдістер мен 
өлшемдерді анықтау қажет;
.
Үдерістерді қолдауда қажетті ақпараттар мен қорларды дайын-
даумен айналысуы қажет;
.
Осы үдерістердің жақсаруы және жоспарланған нәтижеге жету 
үшін керек барлық жұмыстардың алдын алуы керек.
Егер ұйым басқа бір ұйымға белгілі бір үдерісті беретін болса, онда 
ұйым барлық бақылауды өз мойнына алуы керек. Оларды басқару сапа-
ны менеджмент жүйесінде көрсетілуі тиісті.
Сапа менеджмент жүйесіне қатысты үдерістерге өнімнің өмірлік 
циклі және өзгеруін, қормен қамтамасыз ету, басқарама жұмыстарын 
басқару үдерістері жатады.
Осы ұйымдарды анықтап болған соң ұйым үшін әрқайсысының 
тиімділігін анықтау үшін бақылау жүргізеді. Бұл бақылаулардың 
негізінде өндірістің ұзақ мерзімді дамуы жатыр.
Сонымен, сапа менеджмент жүйесінің, өндірістік үдерістердің және 
өнім сапасының жақсаруы, өндірістің ішкі сенімділігіне және ұзақ 
мерзімді жетістікке алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет