Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет12/126
Дата06.02.2023
өлшемі3,69 Mb.
#167541
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126
Байланысты:
mendebaev-sapany (1)

1.3 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
Нақты өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің жалпы бағасы 
нарықтағы өнімдердің жалпы сатылу көлемімен белгілі бір өнімнің са-
тылу көлеміне байланысты болады. 
Бұл көрсеткіш өнімді шығару барысында кеткен шығындарды 
ескерместен өнімді нарыққа шығарды, жүзеге асырады. Әртүрлі 
өндірушілерге бұл шығынның мөлшері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ 
барлық жағдайда өндіруішіге тиімсіз болмайды. Сондықтан бұл 
көрсеткіш әртүрлі өндірушілерге бәсекеге қабілеттілігін анықтауда 
тиімді бола бермейді. Алайда ол шығарылып жатқан өнімнің бәсекеге 
қабілеттілігін арттыруда пайдалы болып келеді. Екінші фактор сервисті 
қызмет көрсетудің мүмкіншіліктерін арттыруда және өнімнің жарнама-
сына кеткен шығынның шамадан тыс өсуінде жүзеге асырылады. Ал, 
бірінші фактор өнімнің өңделуі мен жасалуы кезеңінде жүзеге асады. 


19
Алайда дәл осы фактор көп қызығушылық тудырады, себебі, осы фак-
тор өнімнің сапасы мен бағасын анықтайды. 
Бұл факторларға техникалық үдерістерде қолданылған матери-
ал мен компоненттердің сапасы әсер етеді, ол өз кезегінде ғылыми 
зерттеулердің нәтижесі болып келеді. Сонымен қатар, қолданбалы 
ғылымның нәтижесі ретінде өндірілген өнімнің бәсекеге төзімділігі 
негізгі әсерін тигізеді. 
Бәсекелестік – нарықты экономиканың маңызды факторы. Бәсекеге 
түсетін тауарлар нарыққа ұсынылған және сол елдің, саланың, 
фирманың өндірушілері ұсынған болуы керек. Сондықтан бәсекелестік 
пен бәсекеге төзімділікті әртүрлі мағынада қарастыруға болады: тауар 
(өнім, қызмет), тауар өндіруші (фирма, сала, ел).
Базалық түсінік ретінде өнімнің бәсекеге төзімділігі жатады, 
ал оның қалған мағыналары қосалқы болады. Тауар мен оны шы-
ғарушының бәсекеге төзімділігі деп тауардың қабілеттілігін және тауар 
шығарушының қабілетін нақты нарықтағы деңгейін сақтау және оның 
басқа тауарлармен бәсекелестігін алдын ала болжауды айтады.
Өндірушінің бәсекеге төзімділігінің астарында өндіріс жұмыстарын 
жүргізе білу қабілеті және соның арқасында бәсекелестеріне нарықта 
төтеп беру қабілеттілігі жатыр. Осы іс-әрекеттің өлшемі тауар сату-
дан түскен табысқа немесе басқа да коммерциалдық көрсеткіштерге 
жұмсалады. 
Тауар өндірушілердің бәсекеге төзімділік деңгейі – белгілі уақыт 
аралығындағы бәсекелестеріне төтеп бере білу сипаттамасының 
корсеткіштері. Бұл көрсеткішті өлшемдердің салыстыру негізі ретінде 
алса болады. 
Өнімнің бәсекеге төзімділігі – бұл оның құрамы, ал бәсекеге төзім-
діліктің деңгейі – сол құрамның көрсеткіші. Яғни, бәсекелесінің өнімі-
мен салыстырмай тұрып, нақты нарықта тұтынушыны қанағаттандыру. 
Бәсекеге төзімділік техникалық-экономикалық, сапалық және көр-
сеткіштердің бағасымен анықталады. Сондықтан нарықта тауардың 
тауар-өндірушіден айырмашылығы – нақты бір қажеттіліктерге сүйене 
отырып тұтынушының шығынын оның қанағаттануы арқылы шешу. 
Өнімнің бәсекеге төзімділігінің астарында өнімнің (қызметтің), 
сонымен қатар тауардың нарықтағы тауар өндірушінің қалауының 
дәрежесін сипаттауда жатыр. Бәсекеге төзімділіктің өлшемдерінің 
мағынасында В
oi
бағаланып отырған тауардың тауар-өндірушіден 
айырмашылығы сатылымның белгілі бір бөлігі болуы мүмкін: 
B
M
M
M
oi
o
o
i
=
+
(1.1) 
мұндағы: М
о
және М
і
– бағаланып отырған тауардың сатылу көлемі.


20
Тауардың априорлы бәсекеге төзімділік деңгейін нарықта тұтыну-
шы нақты 1-ші тауарды сатып алды деп, ал В
oi
қатынасын басқа тауардың 
алдындағы бір тауардың арнайылығы
 
деп атайды. Мұндай бағалауды 
эксперттік әдістің көмегімен жүзеге асырады. 
Өнімнің бәсекеге төзімділігі жоғарыда айтып өткен факторлардың 
қатарымен, сонымен бірге нарықтағы тауардың көлемімен анықталады. 
Бұл факторларды бәсекеге төзімділіктің компоненттері деп алып, оны 3 
топқа бөлуге болады: техникалық-экономикалық, коммерциялық және 
нормативті-құқықтық.
Техникалық-экономикалық фактор өзіне сапа, сатылым бағасы 
және эксплуатацияға кеткен шығындар немесе өнім мен қызметтің 
қолданылуы сияқты 3 компонент қосады. Бұл компоненттер көптеген 
факторларға тәуелді. Олар – өндіргіштік және жұмыстың ашықтығы, 
өндірістік шығындар және т.б.
Коммерциялық факторларды нақты нарықта тауарлардың жүзеге 
асуы арқылы анықтауға болады. Олар нарықтың конъюнктурасы 
(бәсекелестіктің өткірлігін, берілген өнімнің ұсынысы мен сұранысы 
арасындағы арақатынасты), жіберу сервисі (тұтынушы аумағындағы 
қызмет көрсету бекеттері және дилерлік-дистрибьютерлік дайындау 
пункттері), жарнама (сұранысты жариялау мақсатында тұтынушының 
қызығушылығын тудыру үшін жасалынатын барлық жарнама түрлері), 
фирманың имиджі (сауда маркасының танымалдылығы, елдің, саланың 
және фирманың беделі) сияқты компоненттерді негіздейді. 
Фирманың имиджін оның сауда белгісі мен қызмет көрсету 
белгісі анықтайды. Сауда белгісі мен қызмет көрсету белгісі – әртүрлі 
кәсіпкерлердің тауары мен қызметін ажырата білу үшін қолданады. 
«Тауар белгілері, қызмет белгілері және тауар өндіріліп жатқан жердің 
атауы» заңына сәйкес тауар белгісі мен қызмет көрсету белгісі заңды 
және жеке тұлғаның атына тіркеледі; тіркелген тауар белгісіне сәйкестік 
сертификаты беріледі. Тіркелген тауар белгісін тек иесі ғана пайдалана 
алады. Тауар және қызмет белгісі ретінде сөзді, суретті, дыбысты не-
месе басқа әрекеттер жасалады. 
Нормативтік-құқықтық фактор нарықта тауарды қауіпсіз пай-
даланудың техникалық, экологиялық және басқа (мүмкін, моралдық-
этикалық) талаптарын жүзеге асырады. Егер тауар нарықтағы стандарт-
тар мен құқықтардың талаптарына сай болмаса, онда ол тауар нарықта 
сатылмайды. Сондықтан берілген факторлар міндетті және шектеулі 
болуы тиіс. 
Берілген факторлар өнімнің (қызметтің) бәсекеге төзімділігіне 
өз әсерін тигізеді, алайда, бәсекеге төзімділік көрсеткіштерінің 
аналитикалық тәуілділігі берілген тапсырманың қиындығына пара-пар 


21
болады. Сондықтан өнімнің бәсекеге төзімділігін болжауда эксперттік 
әдісті қолданған жөн.
Өнім – үдерістің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі. Үдеріс 
– өнімнің өмірлік циклінің үдерістерін қоса алғанда, қандай да бір 
тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті 
іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. Көрсетілетін қызмет – беруші 
мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің 
тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің 
қорытындылары.
Тауар – ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып 
алу – сату келісімі бойынша өтетін кез келген зат.
Сапаның екінші элементі – қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде 
болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен 
қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік. Сатының жоғары 
деңгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік 
орналасады. Бүгінгі күнде ішкі, әсіресе сыртқы нарықта бәсекеге түсу 
үшін тұтынушылардың бағалауларындағы өзгерістерді уақытылы бол-
жап, келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек. 
Доктор Э. Демингтің (сапаны жан-жақты басқарудың теориясы мен 
әдістемелері саласындағы ірі ғалым, «Жапон ғажайыбының» авторы) 
сөзімен айтқанда, «тұтынушы
 
өзіне керегін алуы керек, қай уақытта 
керек болса сол уақытта және қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы 
керек».
Сапаның үшінші элементі – көрсеткіштер. Көрсеткіштер сапалық 
және сандық
 
болып екіге бөлінеді. Сапалық көрсеткіштер – материал-
дың түсі, бұйымның түрі, т.б. Сандық көрсеткіштер (параметрлер) тау-
арды қолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және сапаны бағалау үшін 
қолданылады. Сапа көрсеткіші – тауар сапасына жататын бір немесе 
бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіші тауардың 
қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін сандық көрсеткіштермен 
сипаттайды. Көрсеткіштер әртүрлі өлшемдермен келтіріледі немесе 
өлшемсіз болады. Көрсеткіштерді қарастырғанда олардың атауы мен 
мәні анықталады.
Өнімнің сапасы туралы осы заманның түсініктері тұтынушының 
талаптарын және ниеттерінің толық орындалу мақсатына негізделген 
және де бұл әрбір өнімнің жоба негізінде болу тиіс. Өнімнің 
тұтынушылары жеке адамдар да, адамдар ұжымы да бола алады: 
мекемелер, ұйымдар немесе жалпы қоғам. Сапа кешенді ұғым, оған 
әр түрлі анықтамалар беріледі. EOQ (европалық сапаны анықтау 
ұйымы) анықтамасы бойынша өнімнің тұтынушы талаптарына 
сәйкестік дәрежесі өнімді сәйкестік дәрежеде қанағаттандыру. ИСО 
9000:2000 стандарты, анықтамасы «сапа дегеніміз – өзінді сипаттамасы 


22
жиынтығымен тұтынушының талабын орындауы», ИСО халықаралық 
стандартында мағына сапасы бойынша жиынтық сипаттамасына 
белгіленеді, объекті 9000-2000 сипаттамасы қатысты және шамаланған 
қажеттіліктерді қанағаттандыру.
Қажеттілік қалай болғанда да адамдық қасиеттерімен байланыс-
ты адам психикасы аса күрделі, сондықтан адам сұранысын толық 
қанағаттандыратын теория әлі ойлап табылған жоқ, соған қарамастан 
қазіргі уақытта тиімді нәтиже беретін теория бар. 
Өндіріс сферасын және қызметтерді төменгі деңгей қажеттіліктері 
негізінде ынталандырады. Қажеттіліктер талаптарының қанағат-
танушылықсыздығы қоғамда, оның жеке мүшелерде, жайлы өмірлері-
нің қажеттілері көрінеді, «жайлы өмір» ұғымы да жеткілікті салыс-
тырмалы болып келеді және жайлы өмір деңгейі тұрақты көтеріледі. 
Қажеттіліктер жеке дара бола алады, мысалы, стандарт ретінде немесе 
болжау ретінде болады. Өнім жасаушы болжаудан шығады, ғылыми-
техникалық прогрестің мүмкіншілігі немесе тұтынушы талабы болып 
келеді. Сапа – объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті 
қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 9000:2000). 
Сапа деген ұғым объект, қажеттілік және көрсеткіштер сияқты үш 
элементті қамтиды. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну 
үшін осы элементтерді талдау керек. Объект ретінде іс-қимылдар не-
месе үдеріс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға не-
месе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай 
қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапасын» алуға болады. Ше-
телдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде де, тұтынушылардың мүддесі 
мен құқығын қорғау мәселесін осы өмір сапасы тұрғысынан қарасты-
рады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің көптеген 
жағдайларын қамтиды: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған 
ортаны қорғау, адамның денсаулығын сақтау, білім беру сапасын және 
басқалар. Оқулықта сапа коммерцияға, оның негізгі объектілері – өнімге 
(тауарға), үдеріске және қызмет көрсетуге қатысты қарастырылады.
Өнім – үдерістің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі. Үдеріс 
– өнімнің өмірлік циклінің үдерістерін қоса алғанда, қандай да бір 
тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті 
іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. Көрсетілетін қызмет – беруші 
мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің 
тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің 
қорытындылары.
Тауар ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып 
алу – сату келісімі бойынша өтетін кезкелген зат.
Сапаның элементі – қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. 
Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз 


23
етілетін қауіпсіздікке қажеттілік. Сатының жоғары деңгейінде 
эстетикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналаса-
ды. Бүгінгі күнде ішкі, әсіресе сыртқы нарықта бәсекеге түсу үшін 
тұтынушылардың бағалауларындағы өзгерістерді уақытылы болжап, 
келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек. Доктор Э. Демингтің (сапа-
ны жан-жақты басқарудың теориясы мен әдістемелері саласындағы ірі 
ғалым, «Жапон ғажайыбының» авторы) сөзімен айтқанда, «тұтынушы 
өзіне керегін алуы керек, қай уақытта керек болса сол уақытта және 
қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы керек».
Сапаның тағы бір элементі – көрсеткіштер. Көрсеткіштер 
сапалық және сандық болып екіге бөлінеді. Сапалық көрсеткіштер – 
материалдардың түсі, бұйымның түрі, т.б. Сандық көрсеткіштер (па-
раметрлер) тауарды қолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және 
сапаны бағалау үшін қолданылады. Сапа көрсеткіші – тауар сапасына 
жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Сапа 
көрсеткіші тауардың қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін сандық 
көрсеткіштермен сипаттайды. Көрсеткіштер әртүрлі өлшемдермен 
келтіріледі немесе өлшемсіз болады. Көрсеткіштерді қарастырғанда 
олардың атауы мен мәні анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет