230
бірнеше күрделі объектілерді басқару, ақпараттық ағымдарды тал-
дау) ұтымды шешімін тауып отыруы қажет. Осы мақсатты ұжымда
қалыптасқан өндірістік функциялардың қайсысының мәселе туғызып
отырғанын, оларды шешу жолдарын анықтау керек болады.
Қазіргі кезеңде мамандықтар саны өте кеңейіп, жан-жақты болып,
кәсіби тірліктер өзгеріске ұшырап жатқан жағдайлар бар.
Сондықтан кәсіби жарамдылық мәселелерін шешу үшін жүйелік
қағида қажет болып тұр.
Психологиялық тұрғыда әрбір кәсіби тірліктің түрлерін талдауда
бірнеше қажетті компоненттерді бөліп алып, олардың мамандық сапа-
сына тигізетін әсерлерін көрсетуге болар еді, олар:
1. Тірліктің өзіндік тұлғалық компоненті. Бұған тұлғаның жігері,
дүние танымдылығы, мотивациялық кеңдігі, ұйымдастырушылық
қасиеттері жатады;
2. Сенсорлық-перцептивтік компонент. Бұған дүние-танымдық
қабілет және ұқып жатады.
3. Гносеологиялық компонент (гректің gnosis – білім, тану де-
ген ұғымдары) немесе ителлектуальды компонент. Бұл әрекеттер
ақпараттарды өңдеу, шешім қабылдау кездерінде қажет.
4. Тірліктің моторлық компоненті. Сөйлем құрудың психомоторлық
сапасы.
Қазіргі жағдайда кәсіби тірліктің кейбір түрлері осы көрсетілген
компоненттердің кейбіреулерін немесе олардың комбинацияларын пай-
далануда.
Кәсіби тірліктің тиімді өтуі үшін субъект пен оьбъектінің арасында
төмендегідей байланыстар болуы мүмкін.
1. Кәсіптер (мамандықтар). Мұнда байланыс адам-адам жүйесінде
өтеді.
2. Кәсіптер, мұндағы байланыс адам-машина-өндірістік жүйеде
өтеді.
3. Кәсіптер, мұндағы байланыс адам-техникалық жүйеде өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: