Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет22/167
Дата17.02.2022
өлшемі3,69 Mb.
#132184
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   167
Байланысты:
mendebaev-sapany

Техникалық реттеу туралы түсініктеме
Тиімді жұмыс атқаратын Дүниежүзілік нарықты мемлекеттер 
тарифтік және техникалық (тарифтік емес) кедергіні жоюға бағыттал-
ған шараларды қолдану арқылы құрыла алады.
Техникалық кедергі деп техникалық регламенттерде және стан-
дарттарда қамтылатын талаптардың әртүрлілігі немесе өзгермелілігі 
салдарынан тауарды нарыққа шығарғанда туындайтын, дағдылы 
коммерциялық практикамен салыстырғанда үстеме шығынға әкелетін 
жағдайларды айтады.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің 
басты шарттарының бірі, ол осы ұйымның саудадағы техникалық 
кедергіге қатысты келісімінің талаптарын сақтау болып табылады.
Техникалық кедергілерді жоюға қатысты программалардың негізін 
Үкіметтің шаруашылық субъектілерінің рыноктағы жұмыс ретін 
ұйымдастыруға бағытталған техникалық реттеу шеңберіндегі іс-
қимылдары құрайды.
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына 
сәйкес техникалық реттеу-санитарлық және фитосанитарлық шара-
ларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген 
талаптардың сақталауын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі 
қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, үдерістерге 
қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, 
қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және 
нормативтік реттеу.
Елімізде міндетті талаптар көптеген құжаттар түрінде белгіленіп 
келеді (мысалы, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс норма-
лары мен ережелері және т.б.). Техникалық реттеудің мұндай жүйесі 
халықаралық практикаға сәйкес емес. Халықаралық тәжірибеде стан-
дарттар ерікті құжат түрінде қарастырылады да, негізгі талаптар 
«техникалық регламент» деп аталатын бір құжатта шоғырланады. Стан-
дарттар техникалық регламенттерде, оларға сілтемелер жасалғанда 
ғана міндетті түрде орындалуға тиісті, өйткені олар өнімнің, қызмет 
көрсетудің техникалық регламенттерде белгіленген нормалары мен та-
лаптарына сәйкестігін дәлелдеу негізі ретінде қарастырылады.
Техникалық регламенттің мысалы ретінде Еуропа Одағының 
заңнамаларын келтіруге болады. Еуропа Одағында стандарттар 
ерікті түрде болғанымен, қолданыстағы техникалық реттеу жүйесі 
олардың орындалмауына жол бермейді және бұл жағдай өнімдер мен 
қызмет көрсетудің басым үлесін қамтиды. Мысалы, Еуропа Одағында 
техникалық реттеумен өнімнің 75 пайызы қамтылған.


33
Өнімнің қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікті Үкімет 
дайындаушылардың өздеріне жүктейді, яғни оларға үлкен сенім 
білдіріледі. Еркін нарық жағдайында оның ережелері өте қатаң. Егер 
дайындаушы тұтынушының сенімін анықтамаса, онда ол нарыққа 
қайтып оралмауы мүмкін. Осы себепті дайындаушылар техникалық 
регламенттердің және оларға үйлестірілген стандарттардың талапта-
рын бұлтарыссыз орындайды.
Техникалық реттеудің халықаралық жүйесінің құрамына техника-
лық нормаларды тағайындау, оларды бағалау және растау кіреді. Осын-
дай техникалық ережелерге үйлестірудің қарапайым сызбасы дүние 
жүзінің көптеген елдерінде қолданылады.
Техникалық реттеу объектілері – өнім, көрсетілетін қызмет, үдеріс-
тер. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы-
ның азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне 
қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар 
техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
Техникалық реттеудің басты элементтері:
– өнімге және өнімнің өмірлік цикліне қатысты үдерістерге міндетті 
талаптарды белгілеу, қолдану және орындау.
– өнімге, өнімнің өмірлік цикліне қатысты үдерістерге, қызмет 
көрсетуге ерікті негіздегі талаптарды белгілеу және қолдану.
– сәйкестікті бағалау шеңберінде құқықтық реттеу.
Бірінші элемент метрология ережелеріне техникалық регламент-
терді қабылдау және қолдану арқылы, екінші элемент стандарттау 
арқылы, ал үшінші элемент сәйкестікті бағалау арқылы жүзеге асыры-
лады.
Техникалық регламенттер туралы түсінік
Техникалық реттеудің басты мақсаты – техникалық регламенттерді 
қабылдау.
Техникалық регламент – өнімдерге және олардың өмірлік циклінің 
үдерістеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан 
Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңнамасына сәйкес 
әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.
Техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттары:
– адам өмірі мен денсаулығын, жеке немесе заңды тұлғалардың 
мүліктерін, мемлекеттік және муниципалдық мүліктерді қорғау;
– қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау;
– өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтыну-
шыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;
– саудадағы техникалық кедергілерді жою;
– отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
– табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу.
3–8683


34
Техникалық регламенттердің мазмұнына қойылатын талаптарға 
мыналар кіруі керек:
– техникалық регламенттердің талаптары қолданылатын өнімдер-
дің, осы өнімдердің үдерістерінің толық қамтылған тізбесі;
– техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетуді қамтама-
сыз ететін өнімнің, үдерістердің сипаттамаларына қойылатын талап-
тар;
– техникалық реттеу объектілерін бірдейлендіру ережелері (өнім 
сапасының оның маңызды белгілерімен бірдейлігін анықтау);
– зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, өнімнің, 
үдерістердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талап-
тар.
Техникалық регламенттердің екі түрі бар:
– жалпы техникалық регламенттер;
– арнайы техникалық регламенттер.
Жалпы техникалық регламенттердің талаптары кез келген өнім түрі 
мен өмірлік цикл үдерістеріне міндетті түрде қолданылуы және сақтауы 
керек.
Жалпы техникалық регламенттер мына мәселелер бойынша 
қабылданады:
– үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және оларға іргелес аумақ-
тарды қауіпсіз пайдалану жөнінде;
– өрт қауіпсіздігіне байланысты;
– биологиялық қауіпсіздікке байланысты;
– электромагниттік үйлесімділікке байланысты;
– ядролық және радиациялық қауіпсіздікке қатысты;
– өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздікке қатысты;
– экологиялық қауіпсіздікке қатысты;
– химиялық қауіпсіздікке байланысты;
– электр қауіпсіздігіне қатысты;
– ақпарат қауіпсіздігіне қатысты;
– уыттылық қауіпсіздігіне қатысты;
– өлшемдердің бірлігі бойынша;
– тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты;
– балалар тағамының қауіпсіздігіне қатысты;
– механикалық қауіпсіздікке қатысты.
Арнайы техникалық регламенттердің талаптары әрбір өнім түрінің 
технологиялық және басқа да ерекшеліктерін, олардың өмірлік циклі-
нің ерекшеліктерін ескереді.
Арнайы техникалық регламенттер зиян келтіру деңгейін жалпы 
техникалық регламенттерінде көрсетілген зиян деңгейінен ауырлау 
кейбір жекелеген өнім түрлеріне және өмірлік цикл үдерістеріне ғана 
белгіленеді.


35
Техникалық регламенттердің құрылымы
Техникалық регламенттерге мына мәселелерді қамтитын 
құрылымдық элементтерді енгізу ұсынылады:
– техникалық реттеу объектілерін;
– терминдерді;
– нарықта орналастырулдың жалпы жағдайын;
– қауіпсіздік талаптарын;
– ерікті ауысып отыру мәселелерін;
– сәйкестікті растауды;
– сәйкестікті бағалауды;
– стандарттар тізбегін басқару;
– нарықта бақылау мен қадағалау;
– техникалық регламенттерді іске асыру жөніндегі жауапты орган-
ды белгілеу;
– өтпелі кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет