91
Аспектілер ішінен ИПИ-да қолданылатын, өндірістің экономикалық
көрсеткіштеріне тікелей әсер ететін, нақты факторларды бөліп көрсе-
туге болады:
– техникалық дайындау үдерістерінің шығыны және еңбек
сиымдылығын қысқарту және жаңа бұйым өндірісін игеру;
– нарыққа жаңа бәсекеге қабілетті бұйымдарды шығарудың
күнтізбелік мерзімін қысқарту;
– құрылымына өзгеріс енгізумен байланысты ақаулы өнім және
шығын үлесін қысқарту;
– халықаралық стандарт талаптарына сәйкес, электронды техника-
лық құжаттамамен қамтылған (ішінара, пайдаланымдық) бұйымды
сату көлемінің ұлғаюы; пайдаланымға шығынның қысқартылуы; қиын
ғылыми сыйымдылықты өнім үшін жиі тең немесе оның сатып алыну-
ына шығынды асыратын бұйымды жөндеу және қызмет көрсету («иеле-
нуге шығын»). Ақпараттық технологияларға негізделген технологиялық
үдерістер мен кәсіпорынды автоматтандыру, өндірістік кәсіпорынды
көтерудің, бәсекеге қабілетті бұйымдар шығарудың, ішкі және сыртқы
нарықтағы өнімді жүргізудің негізгі құралы.
САLS-технологиясын енгізу, алдағы уақытта халықаралық және
ұлттық нарықтағы тауардың, қазіргі кездегі өндірістік кәсіпорындар-
дың қатаң бәсекелестікке төзімділігінің қажетті шарты болады.
САLS стандарттарын сақтамау бірдей жағдайларда өнімнің
тұтынушылық қасиеттерінің төмендеуіне өзіндік құны мен жобалау
мерзімінің ұлғаюына алып келеді
Қазіргі таңда САLS-технологиясын өндірістік кәсіпорындарда
қолданудың деңгейі төмен. Оның басты себебі болып САLS-
технологиясы қымбат технология, ал көптеген кәсіпорындардағы
қаржылық жағдай оған мүмкіндік бере бермейді. Кәсіпорындардың
халықаралық CALS клубына кіруді жеңілдету үшін сәйкес ұлттық
ұйымдар құрылу керек.
Достарыңызбен бөлісу: