Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45


Исикаваның себептік-салдарлық диаграммасы



Pdf көрінісі
бет71/167
Дата17.02.2022
өлшемі3,69 Mb.
#132184
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   167
Байланысты:
mendebaev-sapany

Исикаваның себептік-салдарлық диаграммасы
Осы диаграмма жағдайды талдау, ақпарат алу мен әр түрлі 
үдерістердің негізгі үдеріске ықпал жасауының өте пәрменді құралы 
болып табылады. Бұл жағдайда үдеріске ықпал ететін факторларды 
анықтаумен қатар, олардың ықпалының басымдылығын анықтауға бо-
лады. 
Диаграмма келесі ретпен құралады:
1. Бұйымның немесе үдерістің жақсаруы немесе нашарлауы себебін 
анықтау қажет сапасын сипаттайтын нәтижелік көрсетукішін таңдау. 
2. Сапа көрсеткішіне ықпал ететін негізгі себептерді анықтау 
(тікбұрышқа салынып, негізгі осьпен қосылады).
3. Негізгі себептерге ықпал ететін қосалқы себептерді таңдау (негізгі 
себептермен қосылады).
4. Қайталама себептерге ықпал ететін үшінші реттің себептерін 
таңдау (қайталама себептерге қосылады).
5. Факторларды маңызы бойынша саралау және шешімдер бірінші 
кезекте қабылданатын ең маңыздыларын анықтау.
5М түрдегі диаграммада сапаның «адам», «жабдық», «материал, 
шикізат», «технология», «басқару» сияқты сапа құрамдастары қарас-
тырылады, ал 6М түріндегі диаграммада оларға «орта» құрамдасы 
қосылады, 5.8-сурет. Квалиметриялық талдау есебіне қатысты «адам 
деген құрамдасқа операциялардың орындалуының қолайлығы және 
қауіпсіздігімен байланысты факторларды; «жабдық» құрамдасына – тал-
данатын бұйымның конструкциясы элементтерінің осы операцияны орын-
даумен байланысты өзара қарым-қатынастары; «технология» құрамдасы 
үшін – орындалатын операцияның өнімділігімен және дәлдігімен байла-
нысты факторлар; «материал» құрамдасы үшін – осы операцияны орындау 
барысында бұйымның материалының қасиетінің өзгеруімен байланысты 
факторлар; «орта» құрамдасы үшін – ортаның бұйымға және бұйымның 
ортаға ықпал етуімен байланысты факторлар; «басқару» құрамдасы – 
қызметкерлерге басқарушылық іс-шаралардың факторлары, жұмысты 
ұйымдастыру, оның тәртібі сияқты факторларды анықтау керек. 


128


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет