Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45


-cурет. Стратификацияға Парето талдауы



Pdf көрінісі
бет73/167
Дата17.02.2022
өлшемі3,69 Mb.
#132184
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   167
Байланысты:
mendebaev-sapany

5.11-cурет. Стратификацияға Парето талдауы
Стратификация
Негізінен, стратификация – деректерді нәтижелері көбінесе диа-
грамма мен график түрінде көрсетілетін кейбір критерийлер мен 
өзгермелілерді сұрыптау үдерісі. Біз деректердің массивті страти-
фикация өзгермелісі деп аталатын жалпы сипатталатын әр түрлі 
топтарға (немесе санаттарға) жіктей аламыз. Бұл жағдайда сұрыптау 
үшін қандай өзгермелілердің пайдаланылатынын анықтаған маңызды. 
Стратификацияға Парето талдауы немесе шашыраңқылық диаграммасы 
сияқты басқа құралдар негізделеді. Құралдардың осы үйлесімі олардың 
дәлдігін анықтайды. 
Енді бақылау парағының деректерін алайық. 5.11-cуретте ақау туын-
дайтын көзді талдау мысалы келтірілген. Барлық 108 ақау (100%) 3 
санатқа – ауысым, жұмысшылар және операциялар бойынша жіктелген. 
келтірілген деректерді талдаудан ақаудың болуына 2 ауысым (54%) мен 
осы ауысымда жұмыс істейтін Г есімді жұмысшы ең көп үлес (47%) 
қосатыны көрінеді. 
Гистограммалар
Гистограмма – бұйымның немесе үдеріс сапасының параметрі 
осы мағыналардың белгілі бір мағыналар аралығына түсу жиілгінің 
тәуелділігі көрсетілетін баған диагармманың бір түрі. 


132
Гистограмма былайша құрылады:
Бұйымның қайсы бір параметрін, мысалы геометриялық көлемді 
көп рет өлшейміз. 
Осы көрсеткіштің ең көп мағынасын анықтаймыз.
Осы көрсеткіштің ең аз мағынасын анықтаймыз.
Гистограмманың қарқынын ең көп және ең аз мағынаның арасындағы 
айырма ретінде белгілейміз.
Гистограмма аралылығының санын анықтаймыз. Ол әдетте 7-15 
шегінде таңдалады.
Гистограмама аралығының диапазонын анықтаймыз = (гисто-
грамманың қарқыны) / (аралық сан).
Гистограмманың қарқынын аралықтарға бөлеміз.
Әрбір аралыққа нәтижелердің түсу санын есептейміз.
Баған диагрмма құрамыз.
Төменде гистогрмма құрудың мысалы келтірілді.
Есеп айырысу мен құру қолайлы болу үшін қолданбалы компьютерлік 
бағдараламалық EXEL пакетін қолданамыз. Геометриялық көлемнің 
мағыналарының шашырауын, мысалы, атаулы көлем 10 мм-ге тең 
біліктің диаметрін анықтау қажет. 20 білікті өлшейміз, өлшеудің 
деректері А бірінші бағанда (5.12-сурет) келтіріледі. В бағанда өлшеуді 
өсу бойынша орналастырамыз, содан кейін D7 ұяшықта өлшеудің ең көп 
және ең аз мағынасының айырмасы ретіндегі көлемдердің қарқынын 
анықтаймыз. Гистограмма аралығының санын 8-ге тең деп аламыз. 
D аралығының диапазонын анықтаймыз. Содан кейін аралықтардың 
параметрлерін анықтаймыз, бұл аралыққа кіретін геометриялық 
параметрдің ең аз және ең үлкен мағынасы.
R
X
i
D
R
XB i D
i
miB
imDG
min
(
) ;
=
+ − ⋅
=
+ ⋅
1
(5.11)
мұнда, і – аралықтың нөмірі.
Осыдан кейін параметрдің мағыналарының 8 параметрдің әрбіріне 
түсу санын анықтап, ең соңында гистограмманы түпкілікті құрамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет