Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет16/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

3-сурет
Жасушаның тіршілік циклі
Осымен ядроның бөлінуі – 
кариокинез
аяқталады. Осы уақытта 
цитоплазманың бөлінуі – 
цитокинез
де қоса жүреді. Жануарлар жа-
сушаларында, олардың ортасында, шетінен орталығына қарай тар-
тылу пайда болады да, біртіндеп жасушаны екіге бөледі. Өсімдіктер 
жасушаларында керісінше, жасуша қабығы фрагмопласт элементтері 
есебінен пайда болады да орталықтан шетке қарай бөліну үрдісі 
жүреді. 
Хромосоманың циклдық өзгеруіндегі үрдіс – хромонемалардың 
немесе хромосома жіпшелерінің спирализациясы мен деспи-
рализациясы. Митоздың ерте профазасы стадиясында, жарық 
микроскобының көмегімен қарағанда хромосомалар максималды 
түрде деспиральданған, хромонеманың ұзына бойында біркелкі 
емес екендігін байқауға болады. Оның өте жіңішке жəне жуан-
дау 
хромомерлер
деп аталатын бөліктерден тұратындығы көрінеді. 


32
Əр хромосомаға хромомерлердің орналасатын орны салыстырма-
лы түрде тұрақты. Хромомерлер хромонемалардың едəуір тығыз 
ширатылған жерлері. 
Сонымен, митоздың нəтижесінде бір жасушадан ұсақ хро-
мосомалары бар екі жас жасуша пайда болады. Митоз ағзадағы 
сабақтастылықты жəне хромомсомалар жиынтығы мен оның 
санының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Митоздың негізгі 
стадияларының кей ағзаларда өзгеше жүруі мүмкін. Мысалы, саха-
ромицет саңырауқұлақтарында барлық митоз үрдісі ядролық мем-
брана ішінде өтеді. Жалпы жасушалық цикл мен митоздық бөлінудің 
генетикалық бақылауда болады. Гендер ДНҚ репликациясының
цитокинездің, хромосома жіпшелерінің ширатылуы мен 
тарқатылуының жəне тағы басқаларының жүзеге асуына бақылау 
жасайды. 
Жасушадағы өтіп жатқан барлық үрдістер генетикалық 
бақылауда болады. Гендер ДНҚ репликациясының кезектесіп келетін 
стадияларының барлығын, цитокинез, қозғалыс, хромосомалардың 
спирализациялануы мен деспиральдануын жəне т.б. бақылайды. Бұл 
гендердің мутациясы жасуша циклінің кез келген стадиясынан үзіп 
тастауы мүмкін. Осыған орай жасушаның циклі мен митозды зерт-
теу үшін генетикалық талдауды қолдануға болады. 
Мутанттар,
яғни кез келген стадиясында жасушалық циклі 
блокталған, 
мутациясы бар ағзалар немесе жасушалар
. Мыса-
лы, бірқатар бір жасушалы ағзалар – ашытқы саңырауқұлақтар 
туысы Saccharomyces жəне Schizosaccharomyces, балдырлар 
Chlamidomonas, көк саңырауқұлақтары Aspergillus, қарапайымдар 
Tetrahymena, сонымен қатар сүтқоректілерден тышқан мен қытай 
аламанының жасуша культуралары. 
Жасуша циклін бақылаушы гендердің рецессивті мутациялары 
летальды. Сондықтан сəйкесінше мутанттар шартты немесе шарт-
ты-летальдым мутанттар болып бөлінеді.
Ең көп жасуша циклін бақылайтын гендер ашытқы 
саңырауқұлақтарында (шамамен 50) табылған. Бұл бір жасуша-
лы саңырауқұлақтар жасуша циклін зерттеуге өте ыңғайлы нысан, 
өйткені олардың бүршіктену кезеңдерін митоздың фазаларымен 
оңай сəйкестендіруге болады. Осы саңырауқұлақтардың арқасында 
жасуша циклінде G

стадиясымен дəл келетін 
старт
нүктесі 
анықталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет