8
құрып оны қолданғандығы болып табылады. Мендель ашқан тұқым
қуалау құбылысының заңдылықтары нақты 1900 жылы ғана бағалана
бастады.
1900 жылы Гуго Де Фриз Голландияда, Карл Корренс Герма-
нияда, Эрих Чермах Австрияда, бір-бірімен байланыссыз, əртүрлі
нысандармен зерттеулер жүргізіп, Мендель тапқан белгілердің
тұқым қуалау заңдылықтарын қайтадан ашты, сондықтан 1900 жыл
генетиканың дүниеге келген жылы деп есептелінеді. Тұқым қуалау
заңдылықтарының қайтадан ашылып жарық көруі, өсімдіктер
мен жануарлардың басқа түрлерінде де осы заңдылықтардың
болатындығын тексеруге арналған жұмыстардың əрі қарай жүргізіле
беруіне мүмкіндік тудырды. 1902 жылы У.Бэтсон оны тауықтардың
айдарларының пішінінің тұқым қуалауы мысалында, ал дəл сол
жылы А.Кюэно үй тышқанының ақ жəне сұр түстерінің тұқым
қуалау мысалдары арқылы дəлелдеді. 1909 жылы У.Бэтсон Мен-
дель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары дəлелденген өсімдіктердің
100 белгісін жəне жануарлардың да шамамен сонша белгісі ту-
ралы, жиынтық материалы бар мақаласын баспада жариялады.
Нəтижесінде Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтарының уни-
версалды жəне материалдық негізі бар екендігі анықталды. Менде-
лизм нық ғылымға аяқ басты.
Мендель заңдылықтары қайтадан ашылмас бұрын тұқымқуалау-
дың ядролық гипотезасы пайда болды, бұл теория неміс зерттеушісі
Т.Боверидің (1862-1915) 1889 жылы өте көркем жасалған,
теңіз кірпілерінің будандасуы барысында аталық жəне аналық
пронуклеустардың бірдей мəнде болатындығын анықтаған тə-
жірибесінен кейін дəлелденді. Ол тəжірибеде ғалым ядрола-
ры зақымданған жұмыртқаларды ұрықтандырса да, дернəсіл
аталық пронуклестардың арқасында дамитындығын, алайда
ол дернəсілдердің көлемі қалыптыларына қарағанда 4 есе кіші
болатындығын байқады. Өз тəжірибелерінде Т.Бовери теңіз
кірпілерінің дернəсілдері қаңқасымен ажыратылатын екі түрін
қолданды:
Достарыңызбен бөлісу: