Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет7/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

1.1 Генетиканың зерттеу əдістері
Ағзаның тұқым қуалаушылық жəне өзгергіштік қасиеттері 
тірі материя құрылымының əртүрлі молекулалық, хромосомалық, 
жасушалық, ағзалық, популяциялық деңгейінде зерттеледі. Бұл үшін 
əртүрлі əдістер қолданылады. 
Жыныстық көбеюде ағзалардың жеке қасиеттері мен белгіле 
-
рі нің тұқым қуалауын жəне тұқым қуалау заңдылықтарын талдауға 
мүмкіндік беретін будандастыру жүйесін сол сияқты гендердің 
өзгергіштігі мен олардың комбинаторикасын зерттейтін əдісті 
гибридологиялық
талдау деп атайды. Осындай будандастырулардан 
алынған ұрпақтар будандар (гибридтер) болып табылатындықтан


14
бұл əдісті гибридологиялық əдіс деп атайды. Бұл генетикалық 
талдаудың ішіндегі ең негізгісі. Гибридологиялық əдістің мəні 
бір немесе бірнеше белгілері арқылы бір-бірінен ажыратылатын 
ағзаларды будандастыру мен олардан алынған мəліметке талдау 
жүргізу болып табылады. Осы əдісті Г.Мендель өз тəжірибелерінде 
қолданды жəне оның принциптерін ұсынды:
1. Будандастырылатын ағзалар бір түрге жатуы керек.
2. 
Будандастырылатын ағзалар бір-бірінен нақты белгілері 
арқылы ажыратылуы керек.
3. Зерттеліп отырған белгілер константты, яғни ұрпақтар бойы 
атадан-балаға тұрақты түрде беріліп отырған белгілер болуы қажет.
4. 
Алынған барлық ұрпақтарға сипаттама беріліп, ажыраған 
белгілерге, егер олар бірінші жəне одан кейінгі ұрпақтарда кездесетін 
болса, сандық есеп жүргізілуі керек.
Мендель заманынан бері генетика көптеген əдіс-тəсілдермен 
толықтырылды. Мутацияларды алу əдісі гибридологиялық талдауға 
қолдануға болатын бастапқы гетерогенділікті қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. Алшақ гибридизация немесе будандастыру 
əдісі түрлер мен туыстар арасындағы эволюциялық жақындықты 
анықтауға жағдай жасайды. Оның барысында аса жоғары рөлде 
цитологиялық əдіс тұрады. Ғылымда жануарлар мен өсімдіктердің 
сома немесе дене жасушаларының будандасуы əдісі кеңінен 
қолданылуда. Оған сонымен қатар математикалық статистиканың 
элементтері де енеді.
Математикалық əдіс,
əдетте, будандастыру бойынша жүргізіл-
ген тəжірибелердің нəтижелерін өңдеу, белгілердің өзгергіштігін 
зерттеу жəне зерттелген белгілер арасындағы байланыстарды табу 
үшін қолданылады, генетиканың ғылым болып қалыптасуына 
ең күшті ықпал еткен əдіс – осы математикалық əдіс. Г.Мендель 
тəжірибелерінен алынған мəліметтерге статистикалық сипаттама 
беріп, гипотеза құру арқылы өз заңдылықтарын ашты. Сол заман-
дардан бері тəжірибенің сандық қатынасына сипаттама беріліп, са-
лыстырулар жүргізу генетикалық тадаудың негізі болып қаланды. 
Ол үшін вариациялық қатарлар əдісі қолданылады. Математикалық 
əдіс сандық белгілерді, өзгергіштікті, тұқым қуаламайтын немесе 
модификациялық өзгергіштікті зерттегенде үнемі қолданыс табады. 
Цитологиялық əдіс
тірі ағзаның бірлігі жасушаны зерттеу бары-
сында қолданылады. Хромосомалар құрылысының ерекшелігі де 
цитологиялық əдістің көмегімен зерттеледі. 


15
Өз заманында хромосома мінез-құлқы мен белгілердің тұқым 
қуалауындағы пареллелизм тұқым қуалаудың хромосомалық 
теориясының негізі болды. Қазіргі кезде мейоздағы хромосомалар-
дың коньюгациясы, гомологты жəне гомологты емес хромосомалар 
арасындағы алмасуға бақылау жасау тұқым қуалаудың материалдық 
негізі туралы көзқарасымызды кеңейте түсті. 
Генетика белсенді түрде өзіне қажетті басқа да ғылым салала рының 
əдіс-тəсілдерін қолдана береді. Хромосомалар функцияларына жəне 
олардың жаңадан өзін-өзі өндіру механизмдеріне талдау жасау үшін 
тұқым қуалаудың цитохимиялық, биохимиялық жəне цитогенетикалық 
əдістері де қолданылады. Геннің əсері жəне ағзаның жеке дамуы 
үрдісіндегі оның көрінісі онтогенетикалық əдіспен зерттеледі. Химия 
мен биохимия əдістері зат алмасуының тұқым қуалаушылығының 
қасиеттерін нақты зерттеуге, ақуыз, нуклеин қышқылдарының 
молекулаларының қасиеттерін зерттеуге қолданылады. Осы мақсатта 
иммунология, иммунохимия əдістері де қолданылады.
Генетика физиканың əдістерін де кең түрде қолдана алады, мы-
салы оптикалық, седиментациялық, белгіленген атомдар əдісін 
макромолекулаларды идентификациялау жəне маркалауға пай-
даланады. Физикалық, химиялық, физикалық-химиялық əдістер 
молекулалық генетика мен гендік инженерияда кең қолданыс та-
бады. Молекулалық биология, молекулалық генетиканың дамуы 
биополимерлерді зерттеудегі физикалық-химиялық əдістердің кең 
қолданылуына байланысты болды.
Əртүрлі зерттеу нысандарымен жұмыс істейтін генетика басқа 
да ғылым салаларының медицина, зоология, ботаника, микробиоло-
гия жəне т.б. əдістерінсіз өз мақсаттарына жете алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет