108 5. ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ƏРЕКЕТТЕСУІ Бұрынғы қарастырылған фенотип бойынша ажыраулардың
нəтижелері геннің екі аллельдік жағдайының мысалы, бұршақта ген
А-а жəне В-в болатындығы ескеріле отырып түсіндірілді. Бірақ біраз
гендердің бірнеше немесе одан да көп аллелльдері болады. Мұны
геннің көп
аллельділігі деп атайды. Көп аллельділік жағдайында га-
метада немесе спорада белгілі бір геннің тек жалғыз ғана аллелі, ал
жоғары сатыдағы өсімдіктердің жəне жануарлар мен адамның дене
жасушаларында ондай геннің екі аллелі болатындығы анық.