113
Мысалы, жуа өсімдігінің боялуына жауап беретін пигмент эпис-
татты геннің əсерінен тежеледі. Сондықтан жуашықтың түсі ақ бо-
лады. Ақ жуашықтың екі түрін будандастыру нəтижесінде алынған
буданның жуашығы да ақ болады.
12-сурет.
Доминантты эпистаз белгілердің 13:3 қатынасында ажырауы
Бірінші
ұрпақтың буданын өзара
тозаңдандырғанда екінші
ұрпақта 13/16 ақ жуашығы бар өсімдік, 3/16 жуашығы боялған
өсімдік алынған (12-сурет). Кейбір белгілердің тұқым қуалауы
рецессивті эпистаздың əсерімен де жүруі мүмкін.
Мұндай жағдайда белгінің көрінуі рецессивті аллельдермен
тежеледі.
Рецессивті эпистазда Ғ
2
-дегі белгілердің ажырауы 9:7 не-
месе 9:3:4 қатынасында болады. Сонымен, эпистазды екі типке бөліп
қарастырады: доминантты (А>В, А>bb) жəне рецессивті аа>В, аа>bb.
Доминантты эпистазда екінші ұрпақта белгілердің ажырау қатынасы
12:3:1 жəне 13:3 тең болса, рецессивті эпистазда белгілердің ажыра-
уы 9:7 9:3:4 қатынасына дəл келеді.
5.3 Полимерия
Полимерия
– аллельді емес гендердің өзара əрекеттесулерінің
тағы бір түрі. Қандай да болсын бір белгінің көрінуіне бірігіп əсер
8–1156
114
ететін аллельді емес гендерді
полимерлі
гендер
деп атайды, ал он-
дай гендердің өзара əрекеттесуін полимерия деп атайды. Полиме-
рия құбылысын 1908 жылы швед генетигі Нильсон-Эль ашқан. Ол
қанық қызыл жəне ақ дəнді бидай түрін будандастырып,
осы белгінің
ұрпақтарда тұқым қуалауын зерттеді. Ғ
2
-де ажырау бір жағдайларда,
əдеттегі моногибридті будандастыру кезіндегідей 3:1 қатынасындай
болса, ал енді бірде 15/16 қызыл дəнді, ал 1/16 ақ дəнді болып ажы-
рау байқалады. Енді бірде 3/64 қызыл да, ал 1/64 ақ дəн
болған
кезеңдер болды. Бір байқалғаны,
Ғ
2
-дегі қызыл дəндер бір түсті бол-
май, қызыл түстен ақшыл қызыл түс аралығында болған (13-сурет).
13-сурет.
Полимерия. Белгілердің 15:1 қатынасында ажырауы
Нильсон-Эльдің пайымдауынша, Ғ
2
-дегі белгінің 15:1
қатынасындай ажырауында дəннің қызыл белгісін қалыптас-
тыруға 2 бірдей (белгінің дамуына əсер ететін)
доминантты ген
(мысалы, А
1
жəне А
2
) қатысқан. Бұл гендердің рецессивті аллельдері
а
1
жəне а
2
дəннің ақ түсін білдіреді. Генотипте доминантты
гендердің саны көп болған сайын, дəннің қызыл түсі де басым
болады. Қарастырылған мысалда барлық бидай дəнінің 1/16-ның
түсі (екі рецессивті геннің екеуі де
гомозиготалы болғандықтан
– а
1
а
1
а
2
а
2
) ақ, 1/16 (генотипі – А
1
А
1
А
2
А
2
) қызыл, ал қалған