Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет75/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

130
6. ЖЫНЫС ГЕНЕТИКАСЫ
Цитогенетика ғылымы дамуының нəтижесінде жануарлардың 
аталық жəне аналық жасушаларындағы хромосомаларда айырма-
шылық бар екені анықталды. Ағзаның жынысы ұрықтану кезінде 
анықталады. Ол хромосомалар жиынтығына байланысты.
Табиғатта кездесетін барлық дара жынысты ағзаларда аналық 
жəне аталық даралардың арақатынасы шамамен 1:1-ге тең болады. 
Мұндай ажырау Мендель тəжірибелерінде талдаушы шағылыстыру 
кезінде, жыныстардың бірі – гомозиготалы, бірі – гетерозигота-
лы болған жағдайда байқалады. Шын мəнісінде, дара жынысты 
ағзалардың басым көпшілігінде аналық жəне аталық даралардың 
хромосома жиынтығы біркелкі болмайды.
Ағзаның белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы – жыныс 
арқылы ұрпақ таралып, тұқым қуу арқылы нəсілдік хабар ұрпаққа 
беріледі. Ағзаның əрбір қасиеті секілді жыныс та тұқым қуу арқылы 
детерминацияланған. Жыныс детерминациясы негізгі үш түрге 
бөлінеді: 
1) эпигамдық – жынысты ағзаның өсіп-даму (онтогенез) 
үдерісінде жіктелуі. Бұл жағдайда жыныстың анықталуы көбінесе 
қоршаған ортаға тəуелді; 
2) прогамдық – жыныс жіктелуі ата-аналардың гаметогенезі 
кезінде анықталады; 
3) сингамдық – болашақ ұрпақтың жынысы гаметалар қосылған 
кезде анықталады. Бұл жыныс детерминациясының ең көп тараған 
түрі болғандықтан, жануарлардың барлығына тəн қасиет.
Ағзаның жыныстық айырмашылығын көрсететін құрылысы
атқаратын қызметі жөнінен басқа хромосомалардан (аутосомадан) 
айырмасы бар хромосомалар жұбы немесе тобы 
жыныс хромосо-
малары
деп аталады. Жыныс хромосомалары Х жəне У хромосома-
лар түріне бөлінеді. Мысалы, əйел адамның жыныс жасушасында 
«кəдімгі» хромосомалардан өзге екі Х, ер адам сперматозоидының 
біреуінде басқа хромосомалармен қоса бір Х, ал екіншісінде У хро-
мосома болады. Жыныстық хромосомалар бірдей гаметалардан 
түзілсе, оны 
гомогаметалы жыныс,
ал егер əртүрлі гаметалардан 
түзілсе,
 гетерогаметалы жыныс
деп атайды.


131
Аталық жəне аналық дарабастардың табиғаттағы арақатынасы 
1-ге тең, яғни əрбір 100 аталыққа 100 аналық келетіні ертеден белгілі. 
Екі жыныстың осылайша 1:1 қатынасында пайда болуы бізге тал -
дау 
шы будандастыруды еске түсіреді, яғни екі жыныстың біреуі 
гетерозиготалы, ал екіншісі гомозиготалы деп болжау айтуға 
мүмкіндік береді. ХХ ғасырдың бас кезінде жəндіктердің хромосо-
малар комплексіне жасалған цитологиялық талдаулар мұндай бол -
жамның дұрыс екендігін дəлелдеді. Яғни, жыныс арнаулы жыныс-
тық хромосомалармен анықталатыны ашылды. Цито логия ның осы 
бағытында америка ғалымы Э.Вильсон көп еңбек жасады. Жыныс-
тың хромосома арқылы анықталуының бірнеше типтері белгілі. Қай 
түрдің жануарларынан бірінші рет табылғанына қарай ол типтердің 
аты да соларға ұқсас қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет