44
ІІ анафазада
екі еселенген центромералар бір-бірінен ажырай-
ды, нəтижесінде жаңа түзілген хромотидтер əр полюстерге тарайды.
ІІ телофазада
гаплоидты төрт ядролар түзіледі. Содан соң цито-
кинез жүреді де, нəтижесінде төрт жасуша пайда болады.
Сонымен, екі бөлінуден редукциялық жəне эвкациялық тұратын
мейоз бастапқы жасушаға қарағанда саны екі есе кем болатын төрт
жасушаның пайда болуын қамтамасыз етеді.
Мейоз жасушаның хромосомалар санының редукциясына
n
n
→
2
негізделген бөліну. Мейоздың биологиялық маңызын
ең алғаш рет А.Вейсман саралаған, ол мейоз барысында хро-
мосомалар санының редукцияға ұшырауы ұрпақтар арасында
хромосомалардың тұрақтылығын сақтау деген болатын. Сонымен
қатар мейоз комбинативтік өзгергіштікті қалыптастыруда маңызды
орын алады, яғни əртүрлі биваленттер І нафазада бір-біріне байла-
ныссыз ажырайды, бұл ата-аналық хромосомалардың рекомбина-
циясына əкеледі. Мейозда гомогтық хромосомаларының редукция
үрдісі жүреді.
Əр ата-анадан келген гаплоидтық гаметалардың ядрода қосылуы
гомологиялық хромосомаларды қалыптастырады, ал олар аллелдері
бойынша ажыратылатын болса гетерогаметалардың түзілуіне
əкеледі.
Митоз бен мейозды салыстыру кестесінен жасушаның екі
бөлінуінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көруге болады
(4-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: