Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-кесте Митоз бен мейозды салыстыру



Pdf көрінісі
бет24/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

4-кесте
Митоз бен мейозды салыстыру
Кезең
Митоз
Мейоз
Интерфаза ДНҚ-ның 
синтезделуі, 
хромосомалардың екі 
еселенеуі
ДНҚ-ның синтезделуі, 
хромосомалардың екі 
еселенеуі
І профаза
Хромосомалардың 
тығыздалуы
Хромосомалардың 
тығыздалуы. Гомологты 
хромосомалардың 
коньюгациясы-биваленттердің 
түзілуі, хромосомалардың 
гомологты бөліктерінің 
алмасуы.


45
І метафаза Хромосомалардың экватор 
жазықтығына орналасуы
Биваленттердің экватор 
жазықтығына орналасуы
І анафаза 
Жаңа түзілген хроматид-
тердің полюстерге таралуы
Гомологты хромосомалардың 
полюстерге таралуы. Əр 
биваленттерге жататын 
хромосомалардың тəуелсіз 
таралуы.
І телофаза 
Жасушаға ұқсас екі 
диплоидты ядролардың 
түзілуі
Гаплоидты ядролардың 
жасушада түзілуі (екі ядро)
ІІ профаза 
-
Хромосомалардың 
тығыздалуы
ІІ метафаза -
Центромераның экватор 
жазықтығына орналасуы
ІІ анафаза 
-
Жаңа түзілген хроматидтердің 
əр полюстерге таралуы
ІІ телофаза -
Төрт гаплоидты ядроның 
пайда болуы
2.4 Гаметогенез
Жануарлар мен өсімдіктердің жыныс жасушаларының 
түзілуі
Жыныс жасушаларының даму үрдісі 
гаметогенез
деп атала-
ды. Аталық жыныста бұл үрдіс 
сперматогенез
, ал аналық жыныс-
ты ағзаларда 
оогенез
деп аталады. Гаметогенез барысында жыныс 
жасушасы көбею, өсу, жетілу жəне қалыптасу сатыларынан өтеді. 
Сомалық жасушалардағы екі еселенген диплоидты хромосома-
лар санымен салыстырғанда, жетілген жыныс жасушаларда – га-
металарда олардың гаплоидты саны болады. Аталық жəне аналық 
жыныс жасушаларының ұрықтануы нəтижесінде жұмыртқа жа-
сушасы хромосомалардың толық жиынтығын алады, олардың бір 
жартысы (шығу тегі бойынша) – аналық жасушаның хромосома-
лары да, екінші жартысы – аталық жасушаның хромосомалары. 
Ұрықтанған жұмыртқа жасушасының бірінші бөлінуінің өзінде əр 
хромосоманың екі еселену үрдісі жүреді. Келесі бөлінулер де дəл 
осылай болады. Сонымен дамушы ағзаның барлық жасушаларында 


46
екі еселенген хромосомалар саны сақталады. Тіпті кейінірек гапло-
идты хромосомалары бар жетілген жыныс жасушалары – гаметалар 
дамитын алғашқы жыныс жасушаларында да хромосомалар саны 
дəл осылай диплоидты болады. Хромосомалар санының азаюы жы-
ныс жасушаларының жетілу үдерісі – оогенезде жəне сперматоге-
незде
 
жүреді. 
Эмбрионалдық ұрық жасушасының бірнеше есе бөлінуі 
нəтижесінде одан сомалық та, сол сияқты алғашқы жыныс жасу-
шалары да пайда бола алады. Алғашқы жыныс жасушалары ба-
сында едəуір интенсивті түрде көбейеді жəне сперматоогоний мен 
оогонидің 
гоонийдилік
жасушаларын түзеді. Гонийдийлік 
жасушалардың немесе аналық жəне аталық жыныс жасушаларының 
бастапқы даму стадиялары ұқсас болып келеді. Бұл кезеңді жы-
ныс жасушаларының көбею кезеңі деп атайды жəне бұл көбею 
кəдімгі митоздық жолмен жүреді. Одан соң бөліну тоқталады, 
жасушалардың көлемдері ұлғаяды. Жасуша дамуының бұл кезеңін 
өсу кезеңі деп атайды. 
Сперматогенез жəне оогенез үрдістерінің сызбанұсқасы 5-сурет-
те көрсетілген. 
Тұқым жолында сперматагонилар, ал аналық безінде өсу кезеңі 
аяқталғаннан кейін бірінші қатарлы сперматоциттар мен бірінші 
қатарлы ооциттерге айналады. 
Өскен аталық жасушаларды бірінші қатардың 
сперматоцит-
тері
(І сперматоцит), ал аналық жасушаларды бірінші 
қатардың 
ооциттері
(І ооцит) деп атайды. Одан əрі аталық жəне 
аналық жыныс жасушаларының түзілуінде мүлде өзгешелік 
болмайды.
Бірінші сперматоциттерде хромосомалардың диплоидты 
жиынтығы болады. Одан соң І сперматоциттер жетілу фазасы-
на кіріседі жəне екінші қатардың сперматоциттік (ІІ сперматоцит) 
екі бөлінуі жүреді. Екінші сперматоциттердің хромосомалар саны 
тіпті екі есе кем гаплоидты жиынтық болып шығады. Екінші 
сперматоциттер тағы да бөлінеді, нəтижесінде əрқайсысында га-
плоидты хромосомалар жиынтығы бар екі сперматоциттер пай-
да болады. Сонымен, мейоздық екі бөлінудің нəтижесінде бірінші 
сперматоциттердің əрқайсысында төрт гаплоидты сперматоциттер 
пайда болады.
Сперматидтердің одан əрі сперматозоидтарға айналу үрдерісін 
спермиогенез
деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет