Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет42/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

8-сурет
Дигибридті будандастыру сызбанұсқасы
Екі жұп белгіні бірге қарастырғанда екінші ұрпақтағы ажы-
рауды анықтау үшін Пеннет торын жасаймыз. Ол тор ұрықтану 
кезінде аталық жəне аналық гаметалардың бір-бірімен үйлесу 
мүмкіндіктерін, екінші ұрпақ дарабастарының генотиптері мен 
фенотиптік ажырауларын жəне олардың кездесу жиіліктерін 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Дигибридтік будандастыруды бір-біріне тəуелсіз екі моногиб-
ридті будандастыру деп қарастыруға болады. Əрбір моноги 
-
бридтік будандастыруда доминанты белгілері бар дарабастардың 
пайда болу мүмкіндігі ¾ бөлігіне, рецессивті белгілері бар 
дарабастардың пайда болу мүмкіндігі ¼ бөлігіне тең болса, онда 
екі белгінің бір мезгілде пайда болу ықтималдығы төмендегі 
көбейтінділерге тең болады:
Сырты тегіс сары дəн ¾ х ¾ = 9/16 
Сырты тегіс жасыл дəн ¾ х ¼ = 3/16 


79
Сырты бұдыр сары дəн ¾ х ¼ = 3/16 
Сырты бұдыр жасыл дəн ¼ х ¼ = 1/16 
Бұл алынған сандар Пеннет торындағы 9:3:3:1 қатынасына сəйкес 
келеді жəне белгілердің фенотип бойынша ажырауын көрсетеді. 
Мендель F
2
тұқымдарының генотиптерін де зерттеді. Ол 
F
2
тұқымдарынан өсіріп, өздігінен тозаңданған өсімдіктердің 
тұқымдарына талдау жасады. Сонда, F
2
-де алынған тұқымдардың 
генотиптері Пеннет торындағыдай болып шықты: 1/9 бөлігі тек 
тегіс сары тұқымдар берді (генотипі ААВВ). 2/9 бөлігі тегіс сары 
жəне бұдыр сарыға 3:1 қатынасында ажырады, яғни генотиптері 
ААВв. 2/9 бөлігі тегіс сары жəне тегіс жасылға 3:1 қатынасында 
ажырады, яғни генотиптері АаВВ. 4/9 бөлігі F
2
-дегі сияқты 9:3:3:1 
қатынасында төрт фенотиптік қатынастарға ажырады: тегіс сары, 
тегіс жасыл, бұдыр сары, бұдыр жасыл, яғни генотиптері АаВв. F2-
дегі тегіс жасыл тұқымдардан өсірілген өсімдіктерінің ішінен 1/3 
бөлігі тек тегіс жасыл дəндер болды, яғни генотиптері ааВВ. 2/3 
бөлігі тегіс жасыл жəне бұдыр жасылға 3:1 қатынасында ажырады, 
яғни генотиптері ааВв. F
2
-дегі бұдыр сары тұқымдардан өсірілген 
өсімдіктердің ішінен: 1/3 бөлігі тек бұдыр сары дəндер берді, яғни 
генотипі ААвв. 2/3 бөлігі бұдыр сары жəне бұдыр жасылға 3:1 
қатынасында ажырады, яғни генотиптері Аавв болды. Ақырында 
F
2
-дегі бұдыр жасыл тұқымдардан өсірілген өсімдіктердің бəрі, 
күтілгендей-ақ тек бұдыр жасыл тұқымдар берді, яғни олар 
қосарлы
рецессивтер
болып шықты. 
Сонымен будандардың екінші ұрпағы F

фенотиптері бойын-
ша 9:3:3:1 қатынасында, ал генотиптері бойынша 1:2:1:2:4:2:1:2:1 
қатынасында ажырайды. Бұл ажырауды Пеннет торынан көруге де 
болады. 
Дигибридті будандастырудың нəтижесінен жалпы мынадай 
қорытынды шығады: бір-бірінен тəуелсіз ажырау гендердің екі 
жұбында да жүреді, осыған байланысты екі жұп гендері бойын-
ша гетерозиготалы ағза бірдей сандық қатынаста гаметалардың 
төрт сортын түзеді. Оның екеуіндегі гендер үйлесімі бастапқы 
ата-аналардағы сияқты болады да, ал қалған екеуіндегі гендер 
кері үйлеседі немесе 
рекомбинацияланады
. Мендель ашқан, кейін 
сан алуан ағзалармен жүргізілген тəжірибелерде дəлелденген осы 
заңдылық тəуелсіз тұқым қуалау немесе 
тəуелсіз
комбинациялану
заңы
деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет