77
(ААВВ) өсімдікті сырты бұдыр жасыл тұқымды (аавв) өсімдікпен бу-
дандастырды. Тəжірибеден алынған
бірінші ұрпақтың барлығының
тұқымдарының түсі сары сырты тегіс (АаВв) болып шықты.
Бұл жерде тұқымның пішінінің тегістігін анықтайтын ген (В
əрпімен белгіленген) оның бұдырлығын анықтайтын генге (в əрпімен
белгіленген) басымдылық жасайтыны айқын көрініп тұр.
Ал тұқымның сары түсін анықтайтын геннің (а əрпімен
белгіленген) өзінің рецессивті аллелі тұқымның жасыл түсін
анықтайтын генге (а əрпімен белгіленген) басымдылық жасайды.
Төрт типті аталық жəне аналық гаметалардың кездейсоқ кезігуі
екінші ұрпақта тоғыз түрлі генетикалық кластарды береді (8-сурет).
Будан тұқымдардан өсіп шыққан өсімдіктер өздігінен тозаңда-
нып, нəтижесінде екінші ұрпақ тұқымдардың
төрт фенотиптік кла-
сын берді: олардың ішінде тегіс сарылары – 315, бұдыр сарыла-
ры – 101, тегіс жасылдары – 108, бұдыр жасылдары – 32, барлығы
556 дəн алынды. Төрт класс бойынша
белгілердің арақатынасы
9,06:2,91:3,11:0,92 болып шықты, яғни екі жұп гендердің тəуелсіз
тұқым қуалауы бойынша теория жүзінде болады деп күтілген 9:3:3:1
қатынасына өте жақын болып шықты. Екінші ұрпақта алынған
78
екі жұп белгілерді
жеке-жеке қарастырсақ, онда 423 тегіс : 153
бұдыр, 416 сары: 140 жасыл, яғни əр жұп белгілер моногибридті
будандастырудағыдай 3:1 қатынасындай болып ажырайтындығын
байқаймыз, яғни екі жұп белгі бір-біріне тəуелсіз
ажырайды, яғни
ол тəуелсіз тұқым қуалайды деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: