131
Аталық жəне аналық дарабастардың табиғаттағы арақатынасы
1-ге тең, яғни əрбір 100 аталыққа 100 аналық келетіні ертеден белгілі.
Екі жыныстың осылайша 1:1 қатынасында пайда болуы бізге тал -
дау
шы будандастыруды еске түсіреді, яғни екі жыныстың біреуі
гетерозиготалы, ал екіншісі гомозиготалы деп болжау айтуға
мүмкіндік береді. ХХ ғасырдың бас кезінде жəндіктердің хромосо-
малар комплексіне жасалған цитологиялық талдаулар мұндай бол -
жамның дұрыс екендігін дəлелдеді. Яғни, жыныс арнаулы жыныс-
тық хромосомалармен анықталатыны ашылды. Цито логия ның осы
бағытында америка ғалымы Э.Вильсон көп еңбек жасады. Жыныс-
тың хромосома арқылы анықталуының бірнеше типтері белгілі. Қай
түрдің жануарларынан бірінші рет табылғанына қарай ол типтердің
аты да соларға ұқсас қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: