Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Дигибридті жəне полигибридті будандастыру



Pdf көрінісі
бет42/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg
33552 960345 14
3.2 Дигибридті жəне полигибридті будандастыру
Жоғарыда біз бір жұп аллельді гендер арқылы анықталатын бір 
ғана белгінің тұқым қуалау заңдылығын, яғни моногибридті бу-
дандастыруды қарастырдық. Табиғи жағдайда бір ғана белгісінде 
айырмашылығы бар белгілермен қатар екі, үш немесе одан да көп 
белгілерінде айырмашылықтары бар ата-аналық формалар да будан-
даса алады. Оларды соған сəйкес 
ди

үш
 немесе 
полигибридті будан-
дастырулар
 деп атайды. Мұндай будандастырулардың нəтижесінде 
алынған будандар 
дигетерозигота

үшгетерозигота
 немесе 
полиге-
терозиготалар
 деп аталады. Осындай екі, үш немесе бірнеше жұп 
гендердің бірге тұқым қуалауын зерттеу барысында Г.Мендель тағы 
да бір тəжірибелік маңызы зор генетикалық заңдылықты – 
тəуелсіз
 
тұқым
 
қуалау
 
заңы
 немесе 
тəуелсіз
 
комбинациялану
 
заңын
 ашты.
Екі жұп гендердің бірге тұқым қуалауын зерттейтін дигибридті 
будандастыруға мысал ретінде бұршақ белгілерінің тұқым қуалауын 
зерттеуге алған Мендельдің классикалық тəжірибелерінің біреуін 
қарастырайық. Мендель тұқымының сырты тегіс жəне түсі сары 


77
(ААВВ) өсімдікті сырты бұдыр жасыл тұқымды (аавв) өсімдікпен бу-
дандастырды. Тəжірибеден алынған бірінші ұрпақтың барлығының 
тұқымдарының түсі сары сырты тегіс (АаВв) болып шықты. 
Бұл жерде тұқымның пішінінің тегістігін анықтайтын ген (В 
əрпімен белгіленген) оның бұдырлығын анықтайтын генге (в əрпімен 
белгіленген) басымдылық жасайтыны айқын көрініп тұр. 
Ал тұқымның сары түсін анықтайтын геннің (а əрпімен 
белгіленген) өзінің рецессивті аллелі тұқымның жасыл түсін 
анықтайтын генге (а əрпімен белгіленген) басымдылық жасайды. 
Төрт типті аталық жəне аналық гаметалардың кездейсоқ кезігуі 
екінші ұрпақта тоғыз түрлі генетикалық кластарды береді (8-сурет).
Будан тұқымдардан өсіп шыққан өсімдіктер өздігінен тозаңда-
нып, нəтижесінде екінші ұрпақ тұқымдардың төрт фенотиптік кла-
сын берді: олардың ішінде тегіс сарылары – 315, бұдыр сарыла-
ры – 101, тегіс жасылдары – 108, бұдыр жасылдары – 32, барлығы 
556 дəн алынды. Төрт класс бойынша белгілердің арақатынасы 
9,06:2,91:3,11:0,92 болып шықты, яғни екі жұп гендердің тəуелсіз 
тұқым қуалауы бойынша теория жүзінде болады деп күтілген 9:3:3:1 
қатынасына өте жақын болып шықты. Екінші ұрпақта алынған 


78
екі жұп белгілерді жеке-жеке қарастырсақ, онда 423 тегіс : 153 
бұдыр, 416 сары: 140 жасыл, яғни əр жұп белгілер моногибридті 
будандастырудағыдай 3:1 қатынасындай болып ажырайтындығын 
байқаймыз, яғни екі жұп белгі бір-біріне тəуелсіз ажырайды, яғни 
ол тəуелсіз тұқым қуалайды деген сөз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет