Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет59/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg
33552 960345 14
5.1 Комплементарлылық
Комплементарлы
 немесе 
толықтырушы
 деп өз алдына жеке 
келгенде əсері байқалмайтын, ал егер генотипте гомозиготалы не-
месе гетерозиготалы жағдайда басқа біреуімен қатар келсе жаңа бір 
белгінің дамуына ықпал ететін гендерді атайды. Комплементарлы 
ген деп, гомозиготалы немесе гетерозиготалы жағдайда ата-ана-
сында жоқ жаңа бір белгінің пайда болуына əсер етуші аллельсіз 
гендерді айтамыз. Комплементарлы гендер бірін-бірі толықтырады 
жəне жаңа белгінің дамуын қамтамасыз етеді. Өз алдына жеке кел-
генде комплементарлы гендердің əсері байқалмайды.  
Гендердің комплементарлы əсері алғаш рет хош иісті жұпар 
бұршақта (
Lathiris odoratus
) зерттелген, оны  Бэтсон мен Пеннет 
ашқан.
Жұпар бұршақтың ақ гүлдері бар екі сортын будандастырғанда 
Ғ
1
 будандардың гүлдерінің түсі қызыл болып шығады.
Ғ

өсімдіктерінің өздігімен тозаңдануынан алынған Ғ

ұрпағы 9 
қызыл : 7 ақ гүлділер қатынасына ажырайды. Бұл жағдайда гүлдің 
қызыл түсін екі  комплементарлы доминантты гендер (
С
 мен 
Р

бірігіп анықтайды. Ата-аналық формалардың генотиптерін 
ССрр
 
жəне 
ссРР
 деп белгілеуге болады. Жеке-жеке С жəне
  Р
 доминант-
ты гендері белгіге (гүлдің түсіне) ешқандай əсер етпейді жəне сон -
дық тан да ата-аналарының екеуінің де гүлдері ақ түсті болады. 
Ал бірінші будан ұрпақта (Ғ
1
) доминантты екі геннің де болуына 
(
СсРр
) байланысты, олардың өзара əрекеттесуі нəтижесінде гүлдер-
дің қызыл түсі дамиды. Ғ
2
-гі барлық өсімдіктердің 9/16 бөлігі қызыл 
гүлді болады (генотиптері 
С
-
Р
-); кəдімгі дигибридті будандастыру -


109
ларда байқалатын фенотиптік үш класқа жататын ұрпақ тар бұл жа ғ-
дайда өсімдіктердің ақ гүлді бір ғана типіне бірігеді (3/16 
С-рр+3/16 
ссР-+1/16 ссрр=7/16
). Ғ
2
-де фенотип бойынша 9:7 қатынасындай 
болып екі фенотиптік класқа ажырау əдеттегі Мендельдік 9:3:3:1 
қатынасының өзгерген түрі келесі суретте көрсетілген. 
Аллелді емес гендердің мұндай əсерін кейде толықтырушы 
əрекеттесу деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет