Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


4. АЖЫРАУ КЕЗІНДЕ ƏДЕТТЕГІ САНДЫҚ



Pdf көрінісі
бет55/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg
33552 960345 14
101
4. АЖЫРАУ КЕЗІНДЕ ƏДЕТТЕГІ САНДЫҚ 
ҚАТЫНАСТАРДЫҢ АУЫТҚУЛАРЫ
Əртүрлі объектілерде сан алуан белгілердің тұқым қуалау 
заңдылықтары зерттелді. Мендель ашқан заңдылықтардың 
барлық өсімдіктерге, микроағзаларға, жануарларға, сол сияқты 
адамға да тəн екендігі дəлелденді. Сонымен қатар ажырау кезінде 
фенотиптік кластардың əдеттегі сандық қатынастардан ауытқулары 
болатындығы туралы көптеген деректер жинақталды. Тұқым қуалау 
механизмдері Мендель заңдарына  толық сəйкес келгенімен, кейде 
ажырау кезінде фенотиптік кластардың сандық арақатынасы өзгеріп 
басқаша болып шығады. Енді соған мысалдар келтіріп жəне оның 
пайда болу себептерін қарастырайық. 
Əдеттегі сандық қатынастардың ажырау кезінде статисти-
калық себептерден ауытқуы
Белгілердің ажырау заңдылығын қамтамасыз ететін механизм 
гаметалардың түзілуі кезінде гомологты хромосомалардың жəне 
соған сəйкес аллельдердің ажырауын тудыратын мейоз үдеріс болып 
есептеледі. Гаметалардың гаплоидты хромосомаларында орналасқан 
əр геннің бір-бірден аллельдері болады. Сонымен, ажырау үдеріс га-
плоидты гаметаларда хромосомалар мен гендер деңгейінде жүзеге 
асады. Ал белгілердің ажырауының талдауы диплоидты ағзалар 
деңгейінде жүргізіледі. Бұл екі аралықта гаметаларға, ұрықтанудан 
пайда болған зиготаларға жəне жаңадан дамып келе жатқан ағзаға 
бір-біріне тəуелсіз көптеген жағдайлар əсер етеді. Ол жағдайлар 
ажырайтын белгілердің көріну мүмкіндігіне кездейсоқтық элементін 
енгізеді, яғни ажырау статистикалық сипатта болады. Сондықтан 
белгілердің ажырауына талдау жасаған кезде арнайы математикалық 
əдістер қолдану керек болады. 
Ықтималдылық теориясы бойынша тəжірибеде алынған нақты 
мəліметтің, теория жүзінде күтілген мəліметтен ауытқуы көбінесе 
зерттеу материалының аздығынан немесе кездейсоқ басқа да 
себептердің əсерінен болады деп есептелінеді. Демек, математика -
лық əдістерді қолдану арқылы тəжірибеде алынған нақты 
ажыраулардың теория жүзінде болады деп есептелетін ажырау-
лардан (мысалы, 3:1, 1:1, 9:3:3:1 т.с.с.) ауытқуы кездейсоқтықтан 
болған жоқ па деген сұраққа жауап алуға болады.


102
Белгілердің ажырауын аз санды будан ағзалардан анықтаса, онда 
тəжірибеде алынған қатынастардың теорияда күтілетін қатынастан 
үлкен айырмашылығы болады. Сондықтан тəжірибе жүзінде 
алынған ажырау мен теориялық күтілімнің арасын жақындатудың 
маңызды шарты тəжірибедегі талданатын іріктемелердің көлемі 
болып есептеледі. Зерттеуші будан ағзалардың саны көбейтілсе, ол 
қатынастар бір-біріне жақындай түседі, бірақ олардың біртіндеп 
сəйкес келуі өте сирек болады. Дəл осы айтылғандарды Мендель 
тəжірибелерінен де табуға болады. Мендель, жоғарыда айтылғандай 
сары жəне жасыл тұқымды бұршақ сорттарын будандастырып
будандардың бірінші ұрпағын алды. Сол өсімдіктердің сары 
тұқымдарынан будандардың екінші ұрпағынан 258 өсімдік өсіріліп, 
олардың əрқайсысында пайда болған сары жəне жасыл тұқымдарды 
санады. 14-кестеде он өсімдіктен тəжірибе жүзінде алынған сары 
жəне жасыл тұқымдардың ажырауының арақатынасы берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет