ТАҚырыбы: Үйдегі оқытылатын білім алушылардың оқу уақытының нормасы. Тәртіптеме (режим) құру Жоспары



Дата03.04.2020
өлшемі33,13 Kb.
#61443
Байланысты:
46 ИНКЛЮЗИВ лекция 02.04



ТАҚЫРЫБЫ: Үйдегі оқытылатын білім алушылардың оқу уақытының нормасы. Тәртіптеме (режим) құру
Жоспары:

1. Үйде оқыту.

2. Үйдегі оқытылатын білім алушылардың оқу уақытының нормасы.

3. Тәртіптеме (режим) құру жолдары.



1-сұрақ. Әлемдік тәжірибеде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ең тиімді механизм ретінде инклюзивті білім беру танылды. Басқа көптеген мемлекеттер сияқты Қазақстан да инклюзивті бағыттағы жалпы білім беретін ұйым барлығы үшін орта білім беруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ елде инклюзивті қоғамды құру мен дамытуға ықпал ететін тиімді механизм екендігін мойындайды.

Соңғы жылдары мүгедек балаларға білім беру саласындағы «тең мүмкіндіктер» доктринасына өту үрдісін айқындайтын өзгерістер білім беру процесі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды өмірге қажетті ғылымның негіздерін оқытып қана қоймай, баланың қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін әлеуметтік және тұлғалық маңызды өмірлік құзыреттерді қалыптастыратынын дәлелдейді. Алайда, қазіргі таңда денсаулығына байланысты оқушылардың белгілі бір бөлігі білім беру ұйымдарында емес, үйде оқытылуда.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде тегін жеке оқыту (бұдан әрі – үйде оқыту) ұйымдастыру қарастырылған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды орта білім ұйымдарында немесе арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту медициналық көрсеткіштерге байланысты мүмкін болмаған жағдайда ата-ананың (немесе заңды өкілдердің) мүддесін ескере отырып, белгіленген тәртіпте оқыту үйде жүргізіледі [1,2].

Стандартқа сәйкес үйде оқыту бойынша мемлекеттік қызмет заңды өкілдің өтініші (еркін түрде) бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия анықтамасының және мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру бағдарламасы жөнінде психологиялық-медициналық-педагогтік консультация қорытындысының негізінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі [3].

Әлемдік тәжірибеде медициналық көрсеткіштер бойынша мектепке бара алмайтын балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін екі модель қолданылады: үйде оқыту және қашықтан оқыту.

Зерттеушілердің пікірі бойынша, үйде оқыту отбасылық тәрбиенің көп ғасырлық тәжірибесінен айқындалған және кезеңдеп даму процесінде қалыптасқан білім беру процесінің маңызды саласы ретінде қарастырылады. Ресейлік ғалым Л. Р. Аркатованың зерттеулерінде үйде оқытудың келесі даму кезеңдері белгіленген:

− VI– IX ғ.ғ., тәлімгерлік әрекет элементтерінің туындауы;

− Х–ХV ғ.ғ., сарайдағы қалталы адамдардың балаларын үй жағдайында оқыту және «сауаттылық шеберлерімен» отбасылық оқу ;

− XVI– XVII ғ.ғ., болашақ тақ мұрагерлеріне сарайда білім беру; − XVIII ғ.ғ., гувернерствоның дамуы, жергілікті ақсүйектер арасында отбасы жағдайында жалпы білім беру;

− XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басы, үйде оқыту мен шіркеулік білім берудің және мемлекеттік білім беру мекемелерінде оқытудың қатар дамуы; гувернанткалар мен үй тәлімгерлерінен ұлттық кадрлар даярлау;

− XIX ғ. 30 ж. – ХХ ғ. басы, үйде білім беруді оқу мекемелері мен гимназия жанындағы мәртебелі пансиондардағы білімге теңестірілген азаматтық оқытудың бір түрі ретінде ресми мойындау; педагогикалық әдебиеттер мен басылымдарда үйде оқытудың болашағы мен мәселелерін белсенді талқылау; − 1917 жылдан 1962 жылға дейін балаларды үйде оқыту тәжірибесін тоқтату; − 1962 жылдан бастап үйде білім беруді науқас балалар мен мүгедек балаларды мемлекеттік оқытудың бір түрі ретінде ресми мойындау [5].

«Үйде оқыту» түсінігінің заманауи ұлттық білім беру жүйелерінің талаптарына сәйкес келетін және инклюзивті білім беру қағидаларына қарсы келмейтін кеңірек ашатын анықтамасы 2002 жылғы ТМД қатысушы-елдердің Парламентаралық Ассамблеясында қабылданған «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім беру (арнайы білім беру) туралы» Үлгілік заңында берілген. Үлгілік заңға сәйкес «... үйде оқыту – денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе тұрақты түрде білім беру мекемесіне бара алмайтын жағдайда сәйкес білім беру ұйымының педагогикалық қызметкерлері, оның ішінде қашықтан оқыту құралдарын қолдану арқылы үйде оқыту іске асырылатын тұлғаның жалпы білім беретін және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруі».

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы бойынша жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу, экстернат және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.

2-сұрақ. Баланы үйде оқытуды ұйымдастыру мектеп педагогтары мен оқушы ата-анасының (немесе заңды өкілдердің) қатысуын ғана емес , сонымен қоса территориялық ПМПК, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің, арнайы білім беру ұйымдарының, әлеуметтік қорғау органдарының және сол сияқты басқа да білім беру мекемелері өкілдерінің қатысуын талап ететін күрделі және көп еңбекті процесс. Дегенмен, жалпы білім беру бағдарламасымен баланы үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыс білім беру ұйымымен, оның ішінде бала тіркелген жалпы білім беру мектебімен жүзеге асырылады.

Жалпы білім беру мектебінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала оқығаннан бастап мектеп басшыларының, мамандары мен педагогтарының арнайы білім беру саласында, соның ішінде балаларды үйде оқыту бойынша қосымша кәсіптік құзыреттерді игеруі міндетті.

Мектеп басшылығы мен мамандардың (болған жағдайда педагог - психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагогтар ) ойластырылған өзара әрекеттестігі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқуы мен дамуындағы қиындықтарды еңсеруде бірыңғай тәсілдерді әзірлеу мен іске асыруға, олардың отбасына , сондай-ақ үйде оқытылатын білім алушылармен жұмыс істейтін мұғалімге көмекті ұйымдастыруға бағытталады. Осындай жағдайда команда мүшелерінің өзара әрекеттестігінің негізгі ережелері өзара сыйластық, команданың барлық мүшелерінің өзара көмекке дайын болуы, нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қызметтерді анық бөлу, түзету және білім беру процесінде барлық команда мүшелерінің тең дәрежеде қатысуы, өзінің және ортақ жұмыстың нәтижесіне жауапкешілік болып табылады.

Педагог қызметкерлерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсетуде пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолдану туралы кеңес береді.

Үйде оқытуды ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің міндеттері:

баланы оқытатын мұғалімдер, ата-анасымен (заңды өкіл) сабақ кестесін келісу;

− білім алушылармен, олардың ата-аналарымен байланысты қамтамасыз ету;

− үлгерім журналы мен табельді жүргізуді қадағалау;

− ата-аналарды (заңды өкілдерді) білім беру процесіндегі барлық өзгерістер туралы уақытында ақпараттандыру;

− білім беру процесі үшін салдары бар қиындықтар туралы мектеп әкімшілігін уақытында ақпараттандыру.



Мектеп әкімшілігі келесі мәселелерді шешеді:

− білім беру саласындағы нормативтік және құқықтық актілер негізінде үйде жеке тегін оқыту туралы ереже, жеке оқу жұмыс жоспарлары, жеке оқу жұмыс бағдарламалары және басқа жергілікті актілерді дайындау;

− оқу жоспары мен бағдарламаларын, жеке оқыту әдістемесін орындауды, білім алушылардың аттестациясын, құжаттарды жүргізу және рәсімдеуді тоқсанда, жартыжылдықта бір реттен кем емес қадағалау;

− үйдегі сабақтардың уақытында өткізілуін, үйде оқытылатын балаларды есепке алу журналын жүргізуді қадағалау;

− үйдегі оқытатын мұғалімдер мен мамандарды уақытылы таңдау;

− үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша шешімдерді уақытында қабылдау.

Баланы үйде оқыту – отбасыдағы психологиялық ахуал, ата-аналардың педагогпен әрекеттесуге құлшынысы өте маңызды болып табылатын көпаспектілі процесс. Отбасының тәрбиелік рөлі ерекше зор, себебі бұл топтағы балалардың байланыс орнату мүмкіндіктері біршама шектелген. Балаларды оқыту мен оңалту процесіне отбасы мүшелерін қосу үшін оларға психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыруда көмек көрсету қажет. Отбасыға барып жүрген педагог ондағы тәрбиенің басым түрін анықтай алуы керек.

Бастауыш білім беру деңгейі үшін жаңартылған мазмұндағы үйде жеке тегін оқытудың ҮОЖ (ҚР БҒМ 2016 жылғы 30 наурыздағы №233 бұйрығының 4-қосымшасы) 1-сыныптар үшін 2016 жылдың 1-қыркүйегінен, 2-сыныптар үшін 2017 жылдың 1-қыркүйегінен, 3-сыныптар үшін 2018 жылдың 1қыркүйегінен, 4-сыныптар үшін 2019 жылдың 1-қыркүйегінен бастап әрекет етеді және ол үш білім саласынан құралады: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану». Сонымен қатар, ҮОЖ бастауыш білім беру деңгейі үшін жалпы білім беретін оқу пәндерінің қатарын да анықтайды: «Сауат ашу», «Қазақ (немесе орыс) тілі» (оқу тіліне қарай), «Әдебиеттік оқу», «Орыс (немесе қазақ) тілі» (бұл жерде Т2), «Ағылшын тілі», «Математика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану» және қажет болған жағдайда түзету сабақтары.

Орта білім беру деңгейі үшін жаңартылған мазмұндағы үйде жеке тегін оқытудың ҮОЖ (ҚР БҒМ 2016 жылғы 7 шілдедегі №432 бұйрығының 4қосымшасы) 5,7 - сыныптар үшін 2017 жылдың 1-қыркүйегінен, 6,8 - сыныптар үшін 2018 жылдың 1-қыркүйегінен, 9 (10) - сыныптар үшін 2019 жылдың 1қыркүйегінен бастап әрекет етеді. ҮОЖ бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің оқу пәндерін біріктіретін төрт білі салалары айқындалған: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану» және «Адам және қоғам». Қажет болған жағдайда үйде оқытылатын 5-10 сынып оқушылары үшін психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде және оңалту орталықтарында белгіленген тәртіп бойынша түзету көмегі көрсетіледі.

Үйде білім алушының жеке оқу жұмыс жоспарының үлгісі төменде 1-кестеде берілген: 1-кесте. Үйде білім алушының жеке оқу жұмыс жоспарының үлгісі



Педагогикалық кеңес шешімімен

«Қабылданды»

_________________________ (білім беру ұйымының атауы)

Хаттама № ____ ____________

«Келісілді» ___________

Ата-ананың ТАӘ (қолы) немесе заңды өкілдің

_______________ ( күні)





«Бекітілді»

Директор


__________ ТАӘ (қолы)

_______________

( күні)


_____________________________

(білім беру ұйымының атауы)

_____ сынып оқушысы ____________________________ (оқушының ТАӘ)

_______________ оқу жылына (оқу кезеңі)



Жеке оқу жұмыс жоспары


Түсінік жазбаның үлгісі
Түсінік жазба

Жеке оқу жұмыс жоспары келесідей нормативтік құжаттардың негізінде әзірленген:

1. 2. 3. ...

Оқыту жеке оқу жұмыс жоспарына сәйкес _____ сыныптың жалпы білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Мемлекеттік жалпыға міндетті _______ білім беру стандартына сәйкес оқу жылының ұзақтығы ____ оқу аптасын құрайды.

Оқыту қазақ (немесе орыс) тілінде жүргізілетін үйде жеке тегін оқытатын __________ білім берудің үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі ______ сағатты құрайды.

Сабақтың ұзақтығы _____ минут. Қажет болған жағдайда баланың жағдайын есепке ала отырып сабақтар үзілуі мүмкін.

Жеке оқу жұмыс жоспарын орындауда ата-ананың (немесе заңды өкілдердің) және дәрігердің келісімімен мектептегі кейбір сабақтарға тікелей және онлайн қатысуға рұқсат етіледі.

Әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру, балалар ұжымында өзін жайлы сезіну, әлеуметтік мәртебесін көтеру мақсатында мектептің ісшараларына және қосымша білім беруге қатысуы қарастырылады.


5 сынып үшін жеке оқу жоспарының үлгісі

(оқыту қазақ тілінде)


Білім саласы

Оқу пәні

Аптадағы сағат саны

Ескерту

Тіл және әдебиет



Қазақ тілі

1

Мысалы,

ағылшын тілінен үйде – 0,5 сағ., қашықтан (онлайн) – 0,5 сағ.



Қазақ әдебиеті

1

Орыс тілі және әдебиеті

1

Ағылшын тілі

1

Математика және информатика

Математика

4




Жаратылыстану


Жаратылыстану


1




Адам және қоғам

Қазақстан тарихы

0,5




Дүниежүзі тарихы

0,5




Барлығы аптасына:

10


3-сұрақ. Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша жалпы әдістемелік ұсынымдар[5]

Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша үйде оқытуды тиімді және сапалы ұйымдастыру үшін ұсынылады:



  1. үйде оқыту процесін ұйымдастыруды нормативті құжаттармен, сондай-ақ жергілікті қолдану үшін әзірлеу мен енгізуді қарастыратын ішкі актілермен қолдау. Кеңінен қолданылатын ішкі актілер: үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру туралы ереже; − үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспары; − жеке оқу жұмыс бағдарламалары; − жеке оқыту кестесі; −жеке оқытудың үлгерім журналы және басқалары.

  2. үйде оқыту бойынша мектеп командасының әрбір мүшесінің, оның ішінде ұйым басшысы мен оның орынбасарлары, мектептің психологиялық-педагогикалық консилиум төрағасы мен мүшелері, пән мұғалімдері, әлеуметтік және арнайы педагогтар, педагог-психолог, мектеп ата-аналары комитетінің өкілі мен басқа да жұмыскерлердің қызметін нақты айқындау;

  3. білім алушыларды үйде оқытатын пән мұғалімдері мен педагогтардың әдістемелік бірлестігін құру. Педагогтардың әдістемелік бірлестігі үйде оқыту бойынша оқу-әдістемелік жұмысты үйлестіріп қана қоймай, сондай-ақ үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеуде және талқылауда, үйде оқытылатын білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін есепке ала отырып оқу бағадарламаларын жекелендіру, мұғалімдердің тәжірибесін жинақтап таратуда тиімді механизм болып табылады;

  4. сабақтарда оқытудың аралас әдістерін қолдану. Сабақтағы білім беру процесін негізгі дидактикалық қағидаларды, оның ішінде бала дамуының қажетті жағдайы ретіндегі оқытудың түзетуге бағыттылығы қағидасын сақтай отырып көрнекі-әрекеттік негізде ұйымдастыру керек. Әр сабақта баланың қабылдауы, сөйлеу тілі мен қарым-қатынасы, ойлау, есте сақтау, эмоциялар, ынта және басқа да психологиялық-физиологиялық дамуына ықпал ететін заттық-тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру қажет.

  5. оқу материалын бөлшектеп, кезеңмен оқыту және оны талдамалы-синтетикалық жолдармен көрсету, әрбір элементті талдау және біртұтас қабылдауды қамтамасыз ету; оқушылардың бұрын меңгерген практикалық тәжірибесіне сүйену; сақталған шынайы байланыстарды тұрақты пайдалану; себеп-салдарлық байланыстар мен заңдылықтарды анықтауға аса назар аудару; қысқа, әрі қарапайым ережелер мен тұжырымдарды шығаруда бастысын бөле білу; оқу материалын меңгеру мен қайталау үшін практикалық жаттығулардың жеткілікті саны; материалды оқу мен бекітуде заттық-тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру; оқытылатын материалды әр түрлі жаттығуларға қосу; көрнекілік материалдарды пайдалану; өзіндік орындауға арналған әр түрлі жаттығу мен тапсырмаларды қосу;

  6. мектеп кітапханасы, мерзімдік басылымдар, лабороториялар мен оқу құрал-жабдықтары мектептің білім беру қорларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  7. үйдегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды жүйелі түрде бақылау;

  8. арнайы педагогтар, ата-анасы немесе жақындарының қолдауымен қолайлы оқу-тәрбиелік ортаны жасай отырып оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әр түрлі жағдайларын үйлестіру мектеп жасындағы оқушылардың танымдық әрекетін белсендіруде сыныптан тыс және үйірмелік жұмыстың рөлі жоғары екендігі белгілі. Сондықтан үйде оқытуда сыныптан тыс, үйірмелік және т.б. тарту, мектептегі іс-шараларға қатысудың мүмкіндігі баланың жалпы дамуында, сонымен қоса қоғамда әлеуметтенуінде жағымды динамиканың бастамасы бола алады;

  9. үйде оқытылатын балалардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен, жақындармен) мақсатты ағартушылық жұмыс жүргізу. Мектеп педагог-психологы, әлеуметтік педагогы оқыту семинарлары, тренингтер, ата-аналар клубы, ата-аналарға арналған мектеп және басқа да алдын алу, ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыра алады;

  10. тәжірибені зерделеу, яғни үйде оқытуды жүзеге асыратын басқа білім беру ұйымдарымен тәжірибе алмасу, арнайы білім беру ұйымдарына бару, арнайы педагогтардың тәжірибесін зерделеу. ҚР БҒМ Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен ұйымдастырылған ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту бойынша қысқамерзімді курстар, тағылымдамалар да жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіптік біліктілігін арттыруға ықпал ете алады.

  11. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқытудың АКТ-құралдарын қолданудың эргономикалық және денсаулық сақтау нормаларын қатаң қадағалау талап етіледі.

Соңғы жылдары жүргізілген үйде оқытылатын балалардың әлеуметтену мәселесін зерттейтін арнайы ғылыми зерттеулердің нәтижесі қашықтықтан үйде оқытудың дәстүрлі үйде оқытумен салыстырғанда өзіне және айналадағыларға жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруда тиімді болатынын көрсетті. Үйде оқытылатын балалар интернет-сайыстарға қатысып, мысалы экологиялық мәселелер бойынша, жеңіп жатқан мысалдар тәжірибеде бар. Мүмкін виртуалды сөйлесу құрдастармен шынайы сөйлесуден кем түсетін шығар, бірақ мүгедек балалардағы әлеуметтік құзыреттерді қиындықсыз дамытуға елеулі ықпал ететіні айғақ.

Жалпы білім беру бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқытатын мұғалімдерді оқу жоспарына кіретін пәндерден сағат сандары да толғандыратын мәселе. Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша үйде оқытылатын бала колледж, тіпті ЖОО-ға түсу керек болса, бірақ ата-анасының репетитор жалдауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оған білім алуды жалғастыру бойынша жоспарларын жүзеге асыру қиын болады. Мұғалімдер ҮОЖ-да пәндер бойынша бөлінген сағаттар кәсіптік оқу мекемелеріне түсуге дайындық үшін жеткіліксіз болады деп есептейді.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы» ҚР 2002 ж 11 маусымдағы № 343 Заңы.

2. Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар.-Астана.:Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ,

3. Айдарбекова А.А. Ермекбаева Л.Х. Дербисалова Г.С. Самигулина З.Р. Формирование социальной компетентности детей с ограниченными возможностями, обучающихся в инклюзивной среде. Методические рекомендации. Алматы,15, 59 с.



4. Мовкебаева З.А., Денисова И.А., Оралканова И.А., Жакупова Д.С. Инклюзивное образование: учебное пособие. - Алматы, 2013. – 200 с

5. Үйде оқытылатын балаларды жалпы білім беру мектебінің оқу бағдарламаларымен оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар.– Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2017. – 108

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет