143
ден аталықтың орнына аналық шыбынды алып, оны қара денелі шала
қанатты аталықпен будандастырды. Бұдан алынған ұрпақтар толық
тіркестегідей 2 түрлі емес төрт түрлі: сұр денелі шала қанатты, қара
денелі ұзын қанатты, сұр денелі ұзын қанатты жəне шала қанатты
қара денелі болды, бірақ еркін комбинацияланудағыдай арақатынасы
тең емес. Шыбындардың 41,5% қара денелі ұзын қанатты, яғни ата-
аналарының белгілерін қайталады. Тек 17% ғана жаңа үйлескен
белгілермен, атап айтқанда 8,5% қара денелі шала қанатты жəне
8,5% сұр денелі ұзын қанатты болды. Сөйтіп алынған ұрпақтың 83%
ата-тегіне ұқсас болғанымен, жаңа үйлескен белгілер мен де шы-
бындар пайда болады. Демек тіркес толық болған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: