Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет86/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg
33552 960345 14
139
14-cурет. 
Ақ көзді (w) дрозофила шыбындарымен қалыпты қою қызыл 
көзді (w
+
) дрозофила шыбындарын будандастыру сызбанұсқасы. А: ♀ w  х 
♂ w
+
. Б: w
+
 ♀ х ♂ w.
Сонымен, Ғ
1
 ұрпақтарының біркелкілік заңы реципрокты 
будандастырудың біреуінде орындалмай қалады. Реципрокты бу-
дандастырулар əртүрлі нəтиже көрсетеді. Ақ көзді аналықтарды 
қызыл көзді аталықтармен будандастырғанда Ғ

 классикалық 
моногибридті будандастыруда күтілетін 3:1 қатынасының орнына 1:1 
қатынасындағы ажырау алынады. Осының барлығы Г.Мендельдің 
заңдылықтарымен сəйкес келмейтін сияқты. Алынған мəліметтерді 
дрозофила шыбынының кариотипімен салыстыру бұл сұрақтарға 
жауап берді. 
Дрозофиланың (Drosophila melonogaster) кариотипі.
 Дрозофила 
шыбынының аталықтары мен аналықтарында төрт жұп хромосома 
болады: хромосомалардың үш жұбы аталықтары мен аналықтарында 
бірдей болады, ал бір жұбы аталықтарында бір X жəне бір У хромо-
сома болады. У хромосома Х хромосомадан пішіні бойынша ажыра-
тылады, сонымен қатар Х хромосомаға қарағанда толығымен гете-
рохроматиннен тұрады (15-сурет).
15-cурет. 
Дрозофиланың аталығы мен аналығының  хромосомалық 
комплексі


140
Сонымен, дрозофиланың аталығында бір жұп екі түрлі хромо-
сомадан тұратын 
жыныс хромосомалары
 (ХУ), ал аналықтарында 
(ХХ) бірдей хромосомалардан тұратын жыныс хромосомалары бола-
ды. Яғни, əр будандасу жыныстық белгісі бойынша талдаушы будан-
дастыру болып табылады: аналықтар тек бір типті Х хромосомалы 
гаметалар түзеді. Бұл – гомогаметалы жыныс. Аталықтары екі түрлі: 
Х хромосомалы жəне У хромосомалы гаметалар түзеді. Бұл 
гете-
рогаметалы жыныс.
 Аталық жəне аналықтардың гаметаларының 
кездейсоқ үйлесуі əр ұрпақта аналық жəне аталық дарабастардың 
бірдей арақатынасын қамтамасыз етеді. 
Қызыл жəне ақ көзді дрозофила шыбындарын будандастырудан 
алынған мəліметтерді Т.Морган,  w
 
гені Х хромосомада орналаса-
ды, ал У хромосома генетикалық тұрғыдан инертті немесе w
+
 гені 
ол хромосомада орналаспайды деген тұжырымдамамен түсіндірді. 
Осы тұжырымдаманы келесі (16-сурет А, Б) сызбанұсқа арқылы 
түсіндіруге болады. 
Тұқым қуалаудың бұл типі 
жыныспен тіркескен белгілердің
 
тұқым қуалауы немесе 
жыныспен тіркесу
 деп аталады. 
Сонымен, w гені жыныспен тіркескен, яғни Х-хромосомада 
орналасқан. Гетерозиготалы екі Х-хромосомасы бар w w

аналықтар, 
қызыл көзді болып келеді, яғни w аллелі рецессивті жəне ақ көзділік 
белгісін қалыптастырады. Өзінің жалғыз Х-хромосомасында w 
аллелі бар аталықтар ылғида ақ көзді болып келеді, ол У-хромосома 
инертті деген тұжырымдаға сəйкес онда қалыпты немесе доминатты 
w

аллелі болмайды.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет