Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59


§ 16.3 Бастапқы деңгейде пландық жəне



Pdf көрінісі
бет123/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

§ 16.3 Бастапқы деңгейде пландық жəне 
биіктік қадалау торын құру
Мұндай торды құру үшін орындалған жұмыс түсірісін жа-
сайды да, онда ғимараттың жəне құрылыстың барлық осьтерін, 
қатар белгілерді, жұмыс реперлерін, бастапқы деңгейдің нақтылы 
биіктік шамаларын, осьтер арасындағы қашықтықтарды жəне 
т.с.с. берілімдерді көрсетеді.
Бастапқы деңгейде пландық қадалау торын құру
. Пландық 
қадалау торының түрі жəне дəлдігіне, ғимараттың қабатты-
лығына, құрылыс биіктігіне жəне олардың құрылыстық ше шім-
деріне байланысты болады. Дегенмен негізінен торды салын-
бақшы ғимарат жəне құрылыс нобайын қайталайтын, дұрыс 
геометриялық пішін түрінде құрады. Тордың қабырғалары 
ғимарат немесе құрылыс осьтеріне параллель болулары керек, 
себебі сызықтық өлшемдерді құрылыс осьтерінен тікелей атқа-
руға немесе қадалау кезінде қатар сызықтар, полярлық жəне тік 
бұрышты координаталар əдісте 
рін қолдануға мүмкіндігі болу 
керек. Тұрғын үй құрылысында қолданылатын ең көп тараған 


259
түрі, ол – полигонометриялық жүріс негізінде салынған қадалау 
торы 143-суретте көрсетілген. 143-суретте бастапқы деңгейде 
A, 
D, 1, 7, 13
тірек қосындарына байланыстырылған, тұйықталған 
поигонометриялық жүріс тəсімі берілген.
143-сурет
. Бастапқы деңгейде пландық тордың тірек нүктелерінің тəсімі
СНиП III-2-97 ережелеріне сəйкес, геодезиялық қадалау жұ-
мыс 
тарының дəлдігі, ғимараттар мен құрылыстырдың сипат-
тама 
ларына жəне олардың конструкцияларына байланысты 
қа был данады (3.5-кестеге қараңыз). 3.5-кестедегі талаптарды қам-
тамасыз ету үшін бастапқы деңгейдегі қадалау торын монтаждау 
деңгейінде құрылатын торға қарағанда, үлкен дəлдікпен құру 
керек.
Жоғары дəлдікпен орнатылатын технологиялық жабдық- 
тары көп, күрделі пішінді өндіріс құрылыстарын, сонымен бірге 
биік ғимараттарды салуда, қадалау торын бастапқы деңгейде 
құруды трилатерация əдісімен іске асырған тиімді.
Бастапқы деңгейде пландық тор нүктелері 
I, II, III,…,X
(143-суретті қараңыз) арматура кесінділерімен бекітіледі немесе 
фундаменттің қаланған қырына, жабу плиталарының бетіне белгі 
ортасын үшкір затпен сызып (керн) белгілейді. Тірек нүктелері-
нің санын ғимараттар мен құрылымдардың сипаттамаларына 
байланысты қабылдайды.
Керек болған жағдайда бастапқы деңгейде қадалау торы, 
ғимарат осіне қарағанда бір жағына жылжытылып қадалануы 
мүмкін.
Бастапқы деңгейде қадалау торы нүктелері үстімен, құрылыс 
алаңында орналасқан, ең аз дегенде екі реперге байланыстырылған 
нивелирлік жүріс жүргізіледі.
Монтаждау деңгейіне қадалау осьтерін проекциялау жəне 


260
биіктік шамаларын беру
. Көп қабатты ғимараттарда немесе 
қабатты құрылымдарда монтаждау деңгейіне конструкция- 
ларды монтаждау жұмыстарын геодезиялық істермен қамтама-
сыз ету үшін бастапқы деңгейде осьтерді бекітетін тірек 
нүктелері шығарылуы керек. Монтаждау деңгейінде мұндай 
нүктелер геодезиялық негіз торын құрайды. Монтаждау дең-
гейіне шығарылушы тірек нүктелерінің саны, ғимарат немесе 
құрылымдардың пландағы өлшемдеріне (көлеміне, аумағына) 
жəне құрылыс-монтаждау үрдісінің технологиясына байланысты 
болады.
Бастапқы деңгейден монтаждау деңгейіне қадалау осьтерін 
проекциялау ең көп тараған екі əдіспен атқарылуы мүмкін: көлбеу 
немесе тік проекциялау əдістері.
Көлбеу проекциялау əдісі
дегеніміз – теодолитпен тік жазық-
тық құру болып саналады. Айталық, 
АА
/
қатарында орналасқан 
А
/
нүктесін (144-сурет) 
МNP
монтаждау деңгейіне шығару 
керек. Ол үшін теодолитті 
А
нүктесіне орнатып, 
АА
/
қадалау 
осі бағытымен бағыттайды. Осымен бір уақытта үштағанға 
орнатылған көзде гіш 
А
//
маркасын 
МNP
монтаждау деңгейінде, 
жобамен қадалау осі қатарына, сыртқы қабырға жазықтығынан 
50 метрдей қашықтыққа орнатады. Əрі қарай алидаданы бекітіп, 
теодолит дүрбісін тік жазықтықта бұрып, 
А
//
маркасының тұсына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет