Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59



Pdf көрінісі
бет1/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R


1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. Тұяқбаев, С. Солтабаева, 
Ж. Нукарбекова, Ы. Жақыпбек.
ИНЖЕНЕРЛІК ГЕОДЕЗИЯ
Оқулық
Алматы, 2013


2
ƏОЖ 528 (075.8) 
КБЖ 26.12 я73
И 59
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық» 
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
Ж. Д. Байгурин 
техника ғылымдарының докторы, профессор;
Т. П. Пентаев
– техника ғылымдарының докторы, профессор;
Д.Ж. Бастаубаева 
– техника ғылымдарының кандидаты.
Инженерлік геодезия
: Оқулық. /Т. Тұяқбаев, С. Солта-
баева, Ж. Нукарбекова, Ы. Жақыпбек. 
– Алматы: ЖШС РПБК 
«Дəуір», 2013. – 320 бет.
ІSBN 978-601-217-390-1
Оқулықта “Геодезия жəне топография негіздері”, «Құрылыс-монтаж 
өндірісіндегі геодезиялық жұмыстар» “Инженерлік геодезия” пəндерінен 
оқу жоспарларына сəйкес топогеодезиялық жəне инженерлік құрылыс 
кездеріндегі жұмыстардың барлығы дерлік толық қамтылған.
Оқулық техникалық жоғары оқу орындарының құрылыс, геодезия, 
кар тография, жерге орналастыру жəне жер кадастры мамандықтарының 
бағдарламасына сай жазылған.
Оқулықты құрылыс, геология, геофизика, тау-кен істері мамандарының 
толық пайдалануына болады. 
ƏОЖ 528(075.8)
КБЖ 26.12 я73
© Тұяқбаев Т. жəне т.б., 2013
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2013
ISBN 978-601-217-390-1 
И 59


3
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индстрациялау жоғарғы 
деңгейге жеткен. Индустрациялау əдісімен салынатын құрылыс-
монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде. Көбінесе ғимараттар мен 
құрылыстарды құрама, құрама-темір-бетонды конструкциялар-
дан салу; құрылыс машиналары жəне монтаждау жабдықтары ның 
жаңа, тиімді, өндірімді түрлері іске қосылуда.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын құры-
лыс өндірісінде тиімді іске асыру үшін, уақтылы ең аз шығынмен 
жаңа қуат көздерін, тұрғын үйлерді, заводтар мен фабрикалар-
ды жəне əртүрлі инженерлік құрылыстарды (гидроқұрылыстар, 
темір, тас жолдар, т.т.), сонымен бірге жобалық жəне құрылыс-
монтаждау жұмыстарының сапасын арттыру керек.
Сонда құрылыс-монтаждау өндірісінде қолданбалы геоде-
зияның маңыздылығы өсе түседі де, ондағы істелетін жұмыстар ға 
қойылатын геодезиялық өлшем дəлдіктерінің талаптары артады. 
Мұндағы ерекше орын алатын геодезиялық жұмыстар – құрылыс 
құрамаларын жобалық жағдайға дұрыс келтіріп орнату, яғни 
геодезиялық əдістермен құрамаларды жасау жəне монтаждау 
кез 
дерінде жіберілген қателіктерді уақтылы анықтап, түзетіп 
отыру. Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды дұрыс бағаламау, 
анықталған қателіктерді дер кезінде жойып, орнына келтірмеу 
құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын төмендетіп не-
месе үлкен шығынға əкеп соғады (құрылысты қайта салу, жоба-
лық жағдайға келгенше түзету, адам өміріне туатын өндірістік 
қауіп, т.т.). 
Конструкциялардың пландағы орнын, биіктік шамаларын ба-
қылау жəне оларды тігінен орнату қолданбалы геодезиядағы өте 
дəл жұмыстарға жатады. Əртүрлі конструкциялардың бір-бірінен 
салыстыра қарағандағы орналасу алшақтықтары 2 
мм
аспауы 
керек. Ақпалы конвейрлер желісі, заводтардағы құйма желілері 


4
(прокатные станы), ядролық физика нысандарын монтаждауда 
алшақтық 1 
мм
аспайды.
Осы маңызды жұмыстарды атқару үшін кейінгі жылдары 
геодезиялық жұмыстарды автоматтандыру, электрондық жəне 
лазерлік техникаларды қолдану аясы жетілдіруде.
Біздің елімізде кешенді құрылыс салу халық шаруашылығы-
ның өте күрделі салаларының бірі болып, конституция бойын-
ша республика халқын сапалы тұрғын үй, өндіріс орындары-
мен, инженерлік құрылыстармен қамтамасыз етуге бағытталған. 
Пре зиденттің республика жұртшылығына бағыттаған арнауын-
дағы бағдарламаға сай қазіргі таңда əлеуметтік, бағасы арзан 
құрылыстар салу кездерінде құрылыс мамандарының білімді жаңа 
заманғы құрал-аспаптарымен, ең озық техника жетістіктерімен 
қарулануы Жоғары оқу орындарындағы алған теориялық білім-
дерімен, машықтану істерімен тікелей байланысты.
Құрылыс сапасын арттыруда онда істелетін технологиялық 
жұмыстардың əдістері мен амалдары геодезиямен тығыз бай-
ланысты. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының элементтерін 
жо ба ға сай дұрыс орнатуда, бақылап отыруда атқарылатын күн-
делікті, үздіксіз істелетін геодезиялық жұмыстардың əдістері де 
жетіле түсуді қажет етеді.
Бұл оқулық үш бөлімнен тұрады: 1.“Геодезия жəне топография 
негіздері”, 2. “Негізгі инженерлік геодезиялық жұмыстар” жəне 3. 
“Құрылыс-монтаждау жұмыстарындағы геодезиялық жұмыстар”. 
Оқулықты бұлай əдістемелеп бөліп оқыту студенттерге тиімді, 
себебі құрылыс-монтаждау жұмыстарын геодезиялық істермен 
қамтамасыз ету бөлімін оқымас бұрын, бұрыштық, ұзындық 
өлшеу əдістерімен жəне геодезиялық аспаптармен танысу оқу 
бағдарламасын сапалы игеруге оң əсер етуі сөзсіз. Оқулықты иге-
ру студенттердің өз беттерімен құрылыс алаңдарында геодезиялық 
жұмыстарды орындауға, қадалап дамытуға мүмкіндік береді.
«Құрылыс»-5B072900, «Архитектура»-5B072000, «Геоде-
зия жə не картография»-5B071100 
мамандықтарының Жоғары 
оқу Білім стандарттары негізінде оқу жоспарларына, бағдарла-
маларына сай жазылған. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет