§ 14.5 Жобалық биіктікті жер бетіне шығару
Бұл жұмыс көбінесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын гео-
дезиялық іспен қамтамасыз етуде қолданылады. Жобалық биіктік
шамаларын бетондау кездерінде құйма қалып (опалубка) үстіне,
қоршауды орнатуда жиектеріне, анкерлік бұрандаларға, монтаж-
дау жұмыстарына, қазаншұңқырлар жəне траншеялардың түбіне
береді. Биіктік шамаларын геометриялық нивелирлеу арқылы
жақын маңдағы реперлерден шығарады.
206
Айталық, жақын маңдағы биіктігі
H
R
R
реперінен діңгектің
қиылған деңгейіндегі
А
нүктесіне беру керек, яғни
Н
А
нүктесін
жобалық биіктікке шығару керек (110-сурет).
Нивелирді репер жəне
А
нүктесінің жобамен ортасына орна-
тып,
R
реперінің үстіне қойылған рейкадан, яғни соңғы нүктеден
а
есебін алады. Сонда аспап деңгейі
(ГИ)
тең болады,
ГИ = H
R
+а.
(171)
А
нүктесінің жобалық биіктігін алу үшін, алдыңғы рейкадан
b
есебін алу керек, ол тең болады,
b= h + a=
ГИ - H
A
.
(172)
110-сурет
. Берілген биіктікті шығару тəсімі
Діңгекті жоғары, төмен жылжытып, жобалық биіктікке кел-
тіріп орнатуға болады. Ол үшін, рейканы жоғары немесе төмен
жылжытып, діңгектің жоғарғы беті берілген (анықталған)
b
есебіне келгенше қозғап, рейка табаны керекті биіктікке жеткен
жерді белгілейді, яғни іздеп отырған жобалық биіктік шама
ретінде бекітеді. Сонда жобалық биіктіктікті беру үшін, рейкадан
алынған
b
есебі, аспап деңгейі мен жобалық биіктікті бір-бірінен
алғанға тең болады. Тексеру үшін, нивелирлеуді рейканың екі
жағынан немесе аспаптың екі деңгейінде атқарған жөн.
Мысал
.
R
жұмыс реперінің биіктік шамасы 174,327.
А
нүкте-
сіне жобалық
Н
А
=
171,513 биіктігін беруіміз керек. Рейкадан
алынған есеп
a =
0,874. (172) формулаға сəйкес,
b=
(174,327 – 171,513) + 0,874
b =
3,688.
Сонда, алдыңғы рейканы 3,688 есебіне қойып, белгілеу
(бекіту) керек.
|