Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59


§ 17.2 Технологиялық жабдықтарды монтаждаудағы



Pdf көрінісі
бет137/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

§ 17.2 Технологиялық жабдықтарды монтаждаудағы 
қадалау жұмыстарының негізгі əдістері
Технологиялық жабдықтарды монтаждау үшін оның ұзына-
бойлық жəне көлденең осьтерін жоғары дəлдікпен жер бетіне 
(орнататын деңгейге) шығарады. Мысалы, табақты шыныны 
тегістеу (шлифовка), жылтырату конвейрінің бас осін жер бетіне 
шығару ауытқуы 1,5 
мм,
ал көлденең осьтерінің аралық ауытқуы 
±5 
мм
. Прокат жабдықтарын орнату кездеріндегі технологиялық 
желілердегі машина осьтерінің жобалық жағдайынан ауытқулары 
±1 
мм
аспауы керек. Конвейр жолдарының бағытын одан да артық 
дəлдікпен орнатады.
Геодезиялық өлшеулерге мұндай жоғарғы дəлдік талаптары 
кезінде фундаментке бірінші 
А/II, I, B/I
ұзынабойлық осі жəне 
екінші 
A/II, II, B/II
көлденең осьтерін қатарлы бақылау əдісін 
пайдаланып теодолитпен шығарады (3.68-сурет). Ұзынабойлық 
жəне көлденең осьтерінің арасын болат таспамен немесе инварлы 
өлшеу жабдығымен екі рет, керекті түзетулерді есепке ала оты-
рып өлшейді. Ұзынабойлық жəне көлденең осьтердің қиылысу 
нүктелеріндегі бұрыштарды 2-3 қайталау амалдарымен өлшейді. 


286
Ұзындық жəне бұрыштық өлшемдер нəтижелерін жобалық шама-
ларымен салыстырып, шектік шамалардан асып кеткен жағдайда, 
осьтерді бекіткен белгілерді жобалық орынына келгенше жылжы-
тады. 
165-сурет.
Технологиялық жабдықтарды
166-сурет. 
Монтаждау
монтаждау осьтерінің тəсімі торының тəсімі
Монтаждау торын үш сатылап құрады. Бірінші сатысында 
торды алдын ала құрып, осьтердің қиылысу нүктелерін уақытша 
бекітеді, себебі соңғы сатысында оларды орнынан ауыстыру қажет 
болуы мүмкін (166-сурет). 
АА
/
В
/
В
пішінінің 
АВ
қабырғасын жалпы 
құрылыс мақсатында құрылған 
М
жəне 
N
геодезиялық негіз тірек 
нүктелеріне байланыстырады. 
АВ
сызығының бойында өлшей 
отырып, шаршы немесе төртбұрыш қабырғаларының ұзындығына 
сай 
А, a, b, с
жəне 
В
нүктелерін белгілейді де, сол нүктелерден 
теодолиттің көмегімен 
АА
/
, аа
/
,bb
/
, сс
/
, ВВ
/
перпендикулярларын 
тұрғызып өлшеулер арқылы келесі пішін торының төбелерін 
табады.
Екінші сатысында 
АА
/
В
/
В
төртбұрышының периметрімен 
полигонометриялық жүріс жүргізіп, ондағы бұрыштық жəне 
сызықтық өлшемдерін жоғары дəлдікпен өлшейді. Нəтижесінде, 
торды теңдеп болғаннан кейін, оның сыртқы периметрі бойынша 
төбелерінің координаталарын анықтайды. Полигонның ішкі 
АА
/
В
/
В
төбелерінің координаталарын қатар бақылау əдісімен табады.
Үшінші сатысында редуциялау түзетуі іске асады, яғни бірінші 
сатысында белгіленген уақытша центрлерді ауыстыра отырып, 
жобалық орнына бекітіледі. Ол үшін теңделген жəне жобалық 
координаталар айырмашылықтары арқылы қате ұзындығын жəне 
оның бағытын анықтайды. Белгі төбесінде центрді жылжыту өте 
кішкентай алаңда жүргізілетіндіктен, бірінші сатысында торды 
қадалауды алдын ала есептелінген дəлдікпен жүргізуді 10-кестеге 


287
сай атқару керек. Технологиялық желі ұзындығы əжептеуір болуы 
мүмкін, сондықтан осьтерді секцияға бөліп қадалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет