84
Бұл бағытта Г. Н. Высоцкий [23] көп еңбек сіңірді. Ол
Ресейдің бірқатар табиғи белдемдерін сипаттау үшін жауын-
шашынның жылдық мөлшерінің (
с
О
) буланушылыққа (
о
Е
)
қатынасын тұңғыш рет есептеп шығарды. Транс (Transeau) [24]
ормандардың орналасуының климаттың себепші шарттарын
зерттеу мақсатымен Солтүстік Америка үшін жауын-шашынның
(
с
О
) суқоймаларының бетінен буланушылығына (
о
Е
)
қатынасының картасын жасады, ал Пенк (Penck) [25] жауын-
шашынның (
с
О
) буланушылыққа (
о
Е
) қатынасының негізінде
табиғи жүйені климаттық белдемдерге жіктеуді ұсынды.
Климаттың өнімділігін бағалау әдістерін жүйелі және
құрылымдық талдаудың негізінде, олардағы энергетикалық
қорларды сипаттайтын көрсеткіштерді таңдау бойынша төрт
топқа бөлуге болады: ауа ылғалдылығының тапшылығы
бойынша, ауаның температурасы бойынша, буланушылық
бойынша, күннің күндізгі радиациялық теңгерімі бойынша (6-
кесте). Ландшафттардың энергетикалық қорлардың өзгерістері
мен түрленулерінің кез келген физикалық үдерісі, нақты
географиялық нүктеде белгілі уақыт аралығындағы жылу алмасу
үдерісі сияқты энергияның кірісі мен шығыс-ының теңгерімімен,
басқаша айтқанда энергияның сақталу заңымен сипатталады.
6-
кесте
Достарыңызбен бөлісу: