Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет70/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar

 
 
 
 
 
 


 
147 
5.7
 
СУШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕНДЕРІ 
 
Сушаруашылық 
кешені 
(СШК) 
– 
нысандардың, 
кәсіпорынның  және  олардың  арасындағы  байланыстың 
жиынтығынан  тұратын  және  белгілі  бір  табиғи  жағдайдағы 
динамикалық  дамуда  болатын  табиғи-техникалық  жүйенің  бір 
түрін сушаруашылық жүйесі деп атайды. 
Сушаруашылық  кешені  (СШК)  –  су  қорларын,  суды 
пайдаланушыларды, басқару және бақылау ұжымдарын қамтиды 
және  белгілі  бір  функциялық,  салалық  және  аумақтық 
ұйымдармен сипатталады. Сушаруашылық кешені (СШК) өзінің 
меншікті  табиғи  шикізат  қоры  бар,  яғни  су  қоры  және 
игерушіліктің түрлі көріністеріне арналған судың дайындығының 
меншікті  өндірістік  үдерісі  бар  жүйелердің  жиынтығы.  
Сушаруашылық нысандарының және құрылымдардың көмегімен 
пайдалануға  дайындалған  сулар,  суды  пайдаланушыларға 
жіберетін  немесе  жеткізіп  беретін,  сушаруашылық  кешенінің 
өнімі болып табылады. 
Су  шаруашылық  кешенінің  құрамы  жоғарыда  аталған 
тұтынушылардың есебінен құрылатын болғандықтан, ол ұғымды 
келесі бейнемен анықтауға болады:  

сушаруашылық кешені (СШК) – белгілі су алқабы бөлігінің 
немесе  тұтас  алқаптың  су  қорларын  бірге  пайдаланатын,  халық 
шаруашылығының әртүрлі саласының жиынтығы; 

су 
шаруашылығы 
ғылымының 
көзқарасында 
сушаруашылық кешендер (СШК) туралы түсініктемені кеңейтуге 
болады, 
яғни 
ол 
ғылыми 
негізделген 
көпжылдық 
бағдарламалардың  негізінде  қызмет  ететін  және  шаруашылық 
салаларының  судың  сапасына  және  көлеміне  қойылатын 
талабына  қатысты,  су  қорын  тиімді  және  кешенді  пайдалануды 
есепке  ала  отырып,  оның  табиғатқа  тигізетін  әсерін  барынша 
төмендетуді қамтамасыз ете алатын, өте күрделі сушаруашылық 
жүйесі.   
Мұндай жүйелердің негізгі ерекшелігі: су көзінен алынатын 
су  қоры  мен  тұтынатын  су  көлемінің  арасындағы  теңгермелікке 
негізделген  байланыс  және  олардың  біртіндеп  тасымалдау 
үдерісіне  көшуі  және  әрекеттесуі,  судың  біртұтастығына 
негізделген  әртүрлі  суды  пайдалану  және  олардың  бірін-бірі 
алмастыру  мүмкіншілігі  өте  көп  ішкі  байланысты  анықтайтын, 


 
148 
әртүрлі  жағдайда  пайдалану  дәрежесі,  су  қорының  тек  қана 
қанағаттандыру саласына ғана әсері емес, оның өндіріс күштерін 
орналастыру және дамуына тигізетін әсеріне негізделген. 
Сушаруашылық  жүйесі  (СШЖ)  немесе  сушаруашылық 
кешендерінің (СШК) негізгі мәселесі: 

су  қорларының  уақыт  аралығындағы  тербелу  заңдылығын 
табу  арқылы  оларды  басқару,  реттеу  және  пайдалану  және 
аймақтарға тарату; 

сушаруашылық жүйесінің техникалық және экономикалық 
тиімді  құрылымын  құру  арқылы,  сушаруашылық  кешенінің 
халық  шаруашылық  тиімділігін  оның  мақсаты  ретінде 
көрсеткіштерінен және жұмыс істеу тәртібін  анықтау; 

сушаруашылық  кешенін  басқару,  яғни  суқоймаларының 
жұмыс  атқару  тәртібін  оңтайландыру,  суды  тұтынушылар  және 
суды пайдаланушылар арасында суды бөлу; 

сушаруашылық  шараларының  қоршаған  ортаға  әсерін 
бағалау  және  болжау,  олардың  ыңғайсыз  әсерін  жоққа  шығару 
немесе барынша төмендету; 

суды ластанудан қорғау және су көздеріндегі судың жоғары 
сапасын қамтамасыз ететін шараларды қарастыру; 
 - 
халық шаруашылығындағы, оның ішінде суғармалы егістік 
жүйесінде  судың  меншікті  шығынын  төмендету  мақсатында, 
суды  пайдалану  және  суды  тұтынудың  тиімділігін  қамтамасыз 
ететін шараларды қарастыру; 

су қорларын көпжылдық реттеу, су қорларын пайдаланудың 
кез  келген  түрінің  пайдалану  шегін  арттыру  арқылы  және 
биохимиялық  айналымның  кері  әсерін  болдырмайтын,  су 
қорларын құру немесе жаңғырту жолдарын қарастыру. 
Сушаруашылық  кешендері  (СШК)  және  оны  құрайтын 
құрылымдардың  қызметтік  байланысын  қарастыратын  болсақ, 
олардың бір-біріне қарағандағы ерекшелігіне қарамастан, табиғи 
және  өндірістік  сыңарлардың  арасындағы  тығыз  байланысты 
көруге болады (33-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет