143
5.6 ТАБИҒИ-ӨНДІРІСТІК КЕШЕНДЕР
Табиғи өндірістік кешендер – салыстырмалы түрде
қарағанда, құрамына өндірістік, табиғи, коммуналдық-
тұрмыстық, аграрлық нысандар кіретін, өз еркімен құрылған
жүйе және біршама орнықты және өз бетінше, белгілі бір
заттардың, қуаттың және ақпараттың алмасу негізінде біртұтас
қызмет ете алады.
Табиғи өндірістік кешендер – өзіне адамзаттың
шаруашылық қызметінің барлық бөлімін қамти алады.
Табиғи өндірістік кешендердің шеңберіне кешеннің
құрамына кіретін және қызметіне әсер ете алатын өндірістік
кәсіпорындар жатады. Табиғи өндірістік кешендердің өндірістік
бөліміне мыналар кіреді: өнідірістік негізгі нысандар, қосымша
өндіріс кәсіпорындары, энергетикалық нысандар, құрылыс
ұжымдары.
Табиғи өндірістік кешендердің құрамына кіретін
экологиялық жүйелердің жағдайы және өнімділігі төмендегі
келтірілген топтағы себепті шарттармен анықталады:
-
табиғи жағдайы және жер-судың өнімділігі;
-
өндірістік
және
коммуналдық-тұрмыстық
кәсіпорындардың әсер ету сипаттамасы және қарқыны;
-
қоршаған ортаны қорғауға арналған сақтау, жоғарылату
және бұрынғы қалпына келтіруге арналған шаралардың
тиімділігі.
Өндірістік экологияның негізгі бір мәселесі – өндірістік
кәсіпорындар және қалдықтарды қайта өңдеуге арналған
кәсіпорындарды біріктіретін, яғни табиғи өндірістік кешендерді
аймағынан қалдықтар басқа жақта тарамауын қамтамасыз ететін,
жабық табиғи өндірістік кешендерді құру.
Табиғи-өндірістік кешендердің өндірістік бөлімдері –
негізгі және қосымша өндірістік нысандар, энергетика және жаңа
құрылыс жұмыстарын немесе жұмыс атқарып тұрған өндірістік
кәсіпорындарды қайта құруды қамтамасыз ететін бөлімшелік
топтардан тұрады.
Табиғи-өндірістік кешендердің қызмет атқаруының негізгі
құрамының бөлімдерінің сипаттамасы және бағыты біртұтас
болуы керек (31-сурет).
145
Табиғи өндірістік кешендердің жаңадан құрылған
экологиялық жүйенің желісіндегі құрамына мыналар кіреді:
-
орман, өзен, жайылымдардағы табиғи биобірлестіктердің
орнына пайда болған орман, өзен, жайылым және де басқа
биобірлестіктер;
-
ауылшаруашылық және мал шаруашылық жер-сулары
(
егістік және бақша);
-
бұзылысқа және азушылыққа тап болған жерлердің
бөлімшелерін баптау жұмыстары;
-
демалыс орындарын қалпына келтіру.
Табиғи жүйенің экологиялық жағдайының қайталанбастық
жағдайына
байланысты
табиғи-өндірістік
кешендердегі
технологиялық үдерістердің сандық және сапалық көрсеткіштері
бірдей болуына қарамастан ерекшеленеді, яғни қоршаған орта
және өндіріс орындарының әсерлесуі әртүрлі жағдайда жүреді.
Сондықтан
табиғи-өндірістік
кешендердегі
инженерлік
экологияның зерттеу пәні болып табиғи өндірістік кешендердегі
технологиялық үдерістердің әсерлесуі болып табылады.
Экологиялық жүйенің құрамында шаруашылық бөлімі
болған жағдайда, оның құрамына жаңа қоғамдық ортаны
(нооценоз) кіргізу керек, яғни ол еңбек құралының, қоғамның
және еңбектік азық-түліктің жиынтығы болып табылады.
Сонымен, жеке биошеңберде бұрыннан қалыптасқан заттық-
қуаттық желісіне, биобірлестік және экотоптар кіреді, яғни оның
нәтижесі бойынша жеке техногендік шеңберде жаңа заттық-
қуаттық желі пайда болады. Техногендік шеңбер – адамзаттың
тікелей немесе жанама көмегінің арқасында техникалық
құралдардың әсер етуінен пайда болған биошеңбердің бір бөлігі
болып табылады және өндірістік өнімдерді шығарумен
айналысады.
Геологиялық
жүйедегі
жаңа
қоғамдық
ортаның
(нообиогеоценоз) қағидалық желісі 32-суретте келтірілген және
оның құрамына жүйенің тіршілік етуін қамтамасыз ететін бірдей
құқыққа ие үш одақ кіреді. Геологиялық жүйедегі жаңа қоғамдық
ортаның құрамдық құрылымдары бірге қызмет атқарады және
олардың арасында байланыс қуат және заттар ағындары арқылы
жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: