5.11
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Адамдар өзінің өмір сүру ортасының жағдайын жақсарту
және құралмен қамтамасыз ету үшін табиғат нысандарын және
заттарын үздіксіз өзгертіп және түрлендіріп отырады, ал өте
жоғары қоғамдық даму деңгейінде қоршаған ортаның өзіне
өзгерістер енгізеді. Мұның өзі кез келген еңбек заттары адам
және табиғаттың бірлесіп еткен қызметінің нәтижесін көрсетеді,
ал қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейі, бұл
әрекеттесудің өте көлемді екіндігін көрсетеді.
Қоғамның табиғатпен әрекеттестіктері әртүрлі әлеуметтік
экономикалық негізіндегі мәселе есебінде сипатталады және ол
адамзаттың тарихында өте күрделі орын алды. Адамзат қоғамы
даму барысының барлық кезеңдерінде немесе экологиялық
теңгермені сұранысын есепке ала отырып, өзінің түсіну деңгейіне
164
байланысты қоршаған оратамен болатын қарым-қатынастық
мәселені шешіп отырады.
Сондықтан экологияландырудың толық талап тілегін белгілі
бір табиғи шаруашылық кешенінің шегіне сай келетін
экологиялық-экономикалық жүйе арқылы іске асыруға болады.
Экологиялық-экономикалық
жүйе
туралы
түсінік
экологиялық және экономикалық басылымдарда кеңінен
қолданылып жүрген «табиғи экономикалық жүйе» және
«биоэкономикалық жүйе» түсініктемелерге мағынасы жағынан
өте жақын.
Экологиялық-экономикалық жүйенің қызметіндегі әртүрлі
сапалық үдерістердің қоғам және қоршаған ортадағы бір-бірімен
байланысы және тәуелділігі сияқты қасиеттері табиғи және
қоғамдық уақиғалардың, көріністердің және үдерістердің бір-
бірімен қиылысуы олардың біртұтас қызмет атқаратын
экологиялық-экономикалық жүйе екендігін көрсетеді.
Экологиялық-экономикалық жүйе (ЭЭЖ) – адамзат, өндіріс
құралы және табиғаттың бір-бірімен әрекетесуінен пайда болады
және олардың арасындағы үш түрлі байланысты бөліп
қарастыруды қажет етеді:
-
экономикалық байланыс (қарым-қатынас) табиғатты
түрлендіру кезіндегі өндіріс үдерістері және адамзат арасындағы
қарым-қатынасты көрсетеді;
-
технологиялық байланыс – адамзаттың, өндіріс
құралдарының және табиғи ортаның, өнірістік үдерістері
кезіндегі қарым-қатынасын көрсетеді;
-
экологиялық байланыс – табиғаттың жеке бөліктерінің
арасындағы байланыста адамзаттың қатысы жоқ, бірақ оның
жанама әсері болатынына қарамастан, бір-бірімен әрекеттесу
қарым-қатынасын көрсетеді.
М. Я. Лемешевтің анықтамасы бойынша экологиялық-
экономикалық жүйе – «қоғамдық өндіріс қызметінің және
жаратылыс үдерістерінің, биологиялық шеңбердегі ерекше
ағымының, бір-бірімен байланыстылығын және бір-бірімен
әрекеттестігін көрсететін, экономика және табиғаттың
интеграциясы» деп қарастыруға болады.
Осы көзқараста, В. Р. Васинның берген экологиялық-
экономикалық жүйе туралы түсініктемесі де қызықты, яғни ол
ұсынған «экологиялық-экономикалық жүйе – кәсіпорындар
165
тұрғысынан қарағанда, кез келген қоғамның тіршілігінің затттық
негізін құрайтын, бірақ барлық жағынан адам және табиғаттың
арасындағы бір-бірімен байланысты толық қамти алмайтын
жүйе». Бұл тек қана көп салалы табиғи-техногендік жүйенің бір
бөлігі және оның құрамына құқықтық қарым-қатынас, ғылым,
мәдениет, өнер және де басқа адамзаттың қызметінің көп түрлері
кіреді.
Т.А. Акимова және В.В. Хаскин тәжірибе жүзінде теңгермелі
табиғатты пайдалану қағидасын өлкелік деңгейде жүзеге асыруға
болатынын бағалау арқылы экологиялық-экономикалық жүйенің,
табиғи, өндірістік және әлеуметтік құрылымның шегінде және
заттың, қуаттың және ақпарат ағындарының бір-бірін қолдауын
біріктіретін үдерістердің, белгілі бір өлкедегі биотехногендік
шеңбердің шектелген бөлігі деп атады. Сонымен қатар,
экологиялық-экономикалық жүйенің, өзінің және табиғи
байланысының өте күрделілігіне қарап, алмағайып жүйені
құрайтынын екере отырып, оның ие болған жаңа қаситеттерін,
экологиялық және экономикалық жүйелердің қасиеттерінің
жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Жоғарыдағы келтірілген экологиялық-экономикалық жүйе
туралы түсініктеменің негізінде М. Я. Лемешевтің ұсынған
экологиялық-экономикалық
жүйесінің
желісі
42-суретте
көрсетілген.
42-
сурет. Экологиялық-экономикалық жүйенің желісі
166
Экологиялық-экономикалық жүйесінің желісінде бұрыннан
қалыптасқан ішкі бөлімдерден (өндіріс құралы және тұтыну
заттары) басқа, табиғатты қайта өңдеу және табиғатты қорғау
қызметтерінің және онымен байланысты шаруашылық
саласының байланысын қамтитын, табиғи қорлардың қайта
өңдеуінің ішкі бөліктері көрсетілген.
Әлемдік және аймақтық деңгейдегі ұғымда экологиялық-
экономикалық жүйе туралы екі түсініктеме бар. Әлемдік
деңгейде экологиялық-экономикалық жүйе туралы түсініктеме
экологияға әлеуметтік-экономикалық саланы қалыптастыруға
бейімделген орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында, яғни
М. Сронг айтқандай, адамзат экономикалық жүйеден
экологиялық-экономикалық жүйеге көшуі тиіс. Ал жеке аймақтар
немесе өндірістік кешендер үшін экологиялық-экономикалық
жүйе ол техногендік шеңбердің шектелген бір аймағындағы,
табиғи, әлеуметтік және кәсіпорындық құрылымнан тұратын
және заттың, уақыттың, ақпараттың ағынымен бір-бірін демеу
арқылы байланыста болатын үдеріс.
Экологиялық-экономикалық жүйесі желісінің құрамына
қарап, өндіріс шеңбері, тек қана құрылған заттық байлықты және
қызметті ғана қамтып қоймай, кәсіпорынның қызметінің
әрекеттесуінің, қоршаған табиғи ортаға әсерінің жиынтығын
қамтиды.
Экологиялық-экономикалық
жүйесінің
желісі
кәсіпорын және қоршаған табиғи ортаның арасындағы негізгі бір-
бірімен байланысты көрсетеді. Бұл, біріншіден, табиғи қорларды
пайдалану
және
жаңғырту,
екіншіден,
экологиялық-
экономикалық жүйенің, әл-ауқаттың деңгейінің ең маңызды
дәлелдемелері болып табылатынына қарамастан, тұтыну
заттарын және қоршаған табиғи ортаның сапасын анықтауды
қамтитын, жалпы «шығысын» құрайды.
Сонымен, экологиялық-экономикалық жүйе экономикалық
және экологиялық жүйелердің бірге қызмет етуінен туындайтын
өзінше жаңа түсініктемеге және эмердженттік қасиетке ие
болады.
Еске салатын болсақ, экологиялық жүйе ол тірі денелердің
бір-бірімен және өмір сүру ортасымен әрекеттестікте болатын,
әртүрлі деңгейдегі қоғамдастығы, яғни қуат ағыны жүйенің тірі
және өлі бөлігінің арасында зат айналымын және орнықты
құрылымын құрайды. Өз кезегінде экономикалық жүйе өндіріс
167
күштерінің ұйымдасқан жиынтығы болып табылады және табиғи
және өндірістік ағындардың материалдық энергетикалық ағыны
шығысының ағысында тұтыну затына және өндірістік қалдыққа
айналдырады. Жалпы, экологиялық жүйенің заттық бөлігі, оның
ішінде адамның өмір сүретін ортасы экономикалық жүйенің қоры
ретінде пайдаланылады.
Бұлай қарым-қатынастың әлемдік деңгейі, антропогендік
заттық теңгермесінің желісі арқылы бейнелеу 43-суретте
көрсетілген.
43-
сурет. Әлемдік антропогендік заттық теңгермесінің желісі
Әлемдік антропогендік заттық теңдіктің желісінде
көрсетілгендей
(45-сурет),
қазіргі
кездегі
техногендік
айналымдағы заттардың, яғни әлемдік экономикадағы 120 Гт
минералдық шикізаттың, қазылған отынның және биологиялық
салмақтың, тек қана өндірістің өңдеу кезінде 9 Гт (7.5%) заттық
168
өнімге айналады. Олардың 80% негізгі өндірістік қорға қайта
оралады және 1.6 Гт ғана адамдардың жеке тұтынысын құрайды.
Қоршаған ортадан адамдар 3.6 Гт ауыз суды және 1.2 Гт
оттегіні пайдаланады. Демалған оттегінің 1.6 Гт атмосфераға
көмір қышқыл ауасы және судың буы ретінде қайта оралады
және оның әсерінен 18 ЭДж жылу бөлінеді. Су қоймаларына
және жер бетіне адамдардың пайдалануынан кейінгі қалған 4 Гт
сұйық және 0.8 Гт қатты қалдықтар түседі. Адамзаттың заттық
теңдігіндегі, оның биологиялық түрі үлкен емес және ол әлемдік
биологиялық айналымның шегінде болғандықтан, қазіргі кезде
экологиялық мәселенің бөлігін ғана тудырады.
Сондықтан табиғи жүйені пайдаланудың бір күрделі мәселесі
биологиялық
қорларды
және
техникалық
энергияны
кәсіпорындық өндірістерге пайдаланудан туындап отыр, себебі
жыл сайынғы ол өндіретін 10 Гт ауылшаруашылық өнімдерінің
құрғақ затының биологиялық салмағы, ағаштар және теңіз
өнімдерінің жиынтығы, құрлықтағы фотосинтез өнімінің 7 %-ын
құрайды.
Қазіргі кездегі адазаттың шаруашылығындағы жалпы
қалдықтың салмағы және техногендік шеңбердің өнімдері жыл
сайын 140 Гт құрайды, яғни 35 Гт (25%) ауаға лақтырылады, 15
Гт (11%) суқоймаларына төкпе судың ағынымен құйылады және
90 Гт (64%) жер бетіне түседі.
Сонымен, адамзат XX ғасырдың соңында әлемдегі заттардың
және қуаттың алмасуын 20-25% өсіріп, табиғи қалыптасқан
экологиялық жағдайдың, яғни экологиялық, экономикалық
жүйенің орнықтылығына әсерін тигізе бастады.
Аймақтық деңгейдегі экологиялық-экономикалық жүйенің
ағынының қысқартылған желісі 44-суретте берілген.
Онда экономикалық және экологиялық жүйе сияқты
бүтіндіктің бөліктері кіреді және ішкі жүйелер көрсетіледі.
Олардың арасында шекара шартты, себебі биологиялық
тіршілікті қамтамасыз ету және адам санының өсуінің барлық
шеңбері екі ішкі жүйеге қарайды.
Жалпы өнімнің шығысы өндірістік заттардың қоры (
Достарыңызбен бөлісу: |