Интерпретация – бір нәрсеге түсінік беру, мағынасын ашу.
Интерференция – бір тілдің басқа тіл ықпалымен тілдік
нормадан ауытқуы. Интерференция тілдің барлық деңгейінде
кездесуі мүмкін, алайда фонетикада ерекше (акцент) байқалады.
Интерференция нәтижесі сустрат, суперстрат құбылыстарында
аңғарылады.
Интерфикс – аффикс, түбірлерді байланыстыру үшін
қызмет етеді, және екі түбір арасында орын алады. Мыс., ор. т.
дальн-о-видный ; немесе түбір мен жұрнақ арасында орналасады,
мыс., ор.т
. шоссе-й-ный. Компаративистика – салыстырмалы-тарихи тіл білімі,
салыстырмалы тіл білімімен барабар.
Компоненеттік талдау – ұсақ құрастырушыларға
бөлудегі зерттеу мен сипаттау тәсілі. Компонеттік талдау бүтін
элементтерінің парадигматикалық және синтакматикалық
қатарларының түйісуін, жеткізу өрісі мен мазмұн өрісінің өзара
әрекетін анықтауды көздейді. Сөз мағынасын былай талдау
мазмұның ең кіші бірлігі –
семаны айқындайды.
Консонантизм – тілдегі дауыссыз дыбыстар жүйесі. Нақті
тілдегі консонантизмді сипаттау кезінде дауыссыздардың саны,
оларды қолдану ережесі,түрлі белгілердің фонетикалық қолданыс
табуы және оның варианттылығы, сөйлеу сәтіндегі функциялық
күш ескеріледі.