Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Түркі тілдерінің алғашқы классификациясы



Pdf көрінісі
бет27/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля
1-тақырып. Фонетика ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері және қазіргі күйі, 1-тақырып. Фонетика ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері және қазіргі күйі
2.2 Түркі тілдерінің алғашқы классификациясы
Түркі 
тілдерін 
ең 
алғаш 
классификациялаған  
ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқари болатын. Ең  алғаш-
қы  классификация  болғандықтан  лингвистика  саласында  оның 
алар орны ерекше. Сонымен қатар М.Қашқаридың өмір сүрген 
дәуірінің жеткен жетістігі. Бірақ бұл топтастырудың жетістігімен 
қоса кемшіліктері де жоқ емес. Жеткен жетістіктеріне тоқталатын 
болсақ,    сахараның  ұлы  ғалымы,  біртуар  ойшылы,  тіл  зергері 
Махмұт  Қашқари  «Түркі  тілдерінің  жинағын»  барлық  түркі 
текті  ұлыс,  тайпаларды  аралап  жинап,  зерттеп,  талдап  барып 
жазған.  Күллі  түркі    елінің  әдебиеті  мен  тілін  салыстырмалы 
түрде зерделеп, түзіп шыққан алғашқы энциклопедиялық  кітап. 


– 
40 

Салғастырмалы тіл білімі
Автор өз еңбегінде сөздердің мағынасын анықтау үстінде басқа  
түркі  тайпалары  тілінде  кездесетін  мағыналық  ауытқулар  мен 
дыбыстық өзгерістерді салыстыра келіп, оларға шолу жасайды. 
Сондықтан  М.Қашқариды  түркологияда  бірінші  болып 
салыстыру әдісін қолданған ғалым деп айтуға құқымыз бар.
«Диуани  луғат-ат-түрік»  («Түркі  тілдерінің  сөздігі»)  - 
Махмут Қашқаридың 1072-1074 жылдары жасалған күрделі және 
жан-жақты лингвистикалық жұмыс. Сөздік  1074 жылы Иракта 
араб тілінде шықты. Бұл жұмыстан мұсылман Шығысында орта 
ғасырларда айтарлықтай дәрежеде өркендеген араб ғылымының 
жетістіктері  көрінеді.  Жұмыста      тіл  білімінде  бұрын-соңды 
зерттеу  нысан  ретінде    болмаған  ислам  ғұламаларының 
зерттеулері жаңа материалдармен қайта түсіндірілді, қоршаған 
ортадағы адамның  орны туралы мәселені, тіл білімінің кейбір 
мәселелері айқын көрініс тапты.
Бұл туралы Қашғари өзінің еңбегінде былай деп жазады: 
«Мен сипаттаманы жеңілдету және қысқарту үшін көрсетілген 
әдісті  таңдадым,  және  бұл  бұрын  болмаған  және  ол  туралы 
білмеген».
Қашқари  еңбегінің  басты  құндылығы  -  лингвистикалық 
және  ареалдық  әдіске    негізделген  ортағасырлық  түркі 
тайпаларының  тілдері  салыстырылды,  алғашқы  түркі  тілдес 
әлемнің картасы жасалды, түркі тайпаларының лингвистикалық 
және  географиялық  шекаралары,  тілдік  байланыстардың 
ерекшеліктері қарастырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет