компаративистика
делінеді.
Дыбыс тілі жалпы адамзаттық құбылыс болғандықтан,
онда бір-біріне ұқсастық болмай қоймайды. Оның себептері
көп ұқсастық бір тілдің екінші біреуіне тигізген әсерінен, тілдік
тұлғалардың, әсіресе сөздердің бір тілден екіншісіне ауысуынан
болуы мүмкін. Мысалы, орыс тілінен қолданылатын
колпак,
алтын
,
баба, бак, бар, оба
деген сөздер бірлі жарым дыбыстық
өзгешеліктермен көптеген түркі, олардың ішінде қазақ тілінде
де кездеседі. Бірақ соңғыларда басқа мағынада жұмсалады.
Тілдер арасындағы кездейсоқ ұқсастық дейтіндеріміз
– осылар. Мұндай тіларалық омонимдер олардың
туыстастығының көрсеткіші бола алмайды. Сондай-ақ, қазақ
тіліне де орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден
ауысқан:
база, телефон, радио, демократия, студент, кафедра
тәрізді сөздер бар. Бұлар – қазақ бір-бірімен ешқандай туыстық
жақындықтары жоқ көптеген тілдерде кездесетін ортақ сөздер.
Тіл қарым-қатынасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік
дейтіндер, міне осылар. Бұлар да тілдер туыстастығына
кепіл бола алмайды. Тілдердің туыс екендігінің, төркінінің
ортақтығының негізгі кепілі – морфологиядағы сөз тудырушы,
сөз өзгертуші формалардың бірлігі, ұқсастық-сәйкестігі және
негізгі сөздік қор мен фонетикадағы дыбыс заңдары арасындағы
жақындық.
Сондықтан тілдер туыстастығын айқындау үшін
кездейсоқ ұқсастықты негізге алмай, тілдердің фонология-
лық, морфологиялық, синтаксистік жүйелеріндегі ұқсастықты
салыстырған жөн.
–
37
–
Есеналиева Жанар
Тілдердің бір-біріне генеалогиялық жақындығын тек
осындай бірліктер пен туыстық қана аша алады. Бірақ, туыстас
тілдер материалын салыстырғанда, олардың бір-бірімен
ешқандай жақындығы, бірлігі жоқ мәселелерді неме се бір-
бірінен ешқандай өзгешелігі жоқ фактілерін салыстыруға
болмайды. Мысалы, қазақ тіліндегі
сөйлем, үтір, нүкте
деген
сөздердің мағынасы ұйғыр тілінде
жүмлә, пәш, чекит
деген
сөздермен беріледі. Ал, енді қазақ тіліндегі
пай, ат, зиян
,
қызыл,
қызғылт, қымыз, ақ
деген сөздер башқұрт тілінде де дәл осы
қазақ тіліндегідей дыбыстық құрылымда айтылады.
Салыстыру үшін алынатын материалдар, фактілер
тарихи жағынан салыстырып отырған тілдерге ортақ, о
баста бір негізден тарағанмен, кейін өзгерістерге ұшыраған,
дифференциацияланған болуы керек. Мысалы, қазақ тілінде
тас, тұз, баға, болат, балта
,
мүйіз, табан, жақсы, жат
деген сөздердің ойрот тілінде
таш, тұс
,
баа, болот, малта,
мұұс, таман, дьат
болып айтылуын, немесе қазақ тілінде
қосымша д, т. дыбыстарынан басталып қосылатын:
біздер,
тілектестік, мендік, атты
дегендердің қарақалпақ тілінде:
бізлер, тілеклестік, менлік, атлы
болып
л
дыбысымен
ауысатындығын алуға болады. Салыстыру арқылы бұл
фактілердің бастапқы түрін де, қай тілде қалай және неліктен
өзгеріске ұшырағандығында табуға болады.
Салыстырмалы-тарихи әдістің тіл туралы ғылымды
қалыптастыруда, дамытуда ерекше мәні болатындығын,
оның лингвистикалық ой-пікір дамуындағы жаңа дәуірдің
басы болғандығын ешкім де бекер дей алмайды. Бірақ соған
қарамастан ғылымның кейінгі замандардағы дамуы бұл әдістің
бірсыпыра осал жақтарының да барлығын айқындап берді.
Сондықтан да сөз болып отырған әдістің де, оны
қолданушылардың да әлсіз жақтарын батыл сынға алып,
зерттейдің жаңа амал-тәсілдерін іздеген ағымдар, лингвистикалық
мектептер өткен ғасырдың өзінде-ақ құрылды. Олардың
салыстырмалы-тарихи әдіс адресіне айтқан сындары алуан түрлі.
Солардың ішінде жоққа шығара алмайтын бірнеше қағида бар.
–
38
–
Салғастырмалы тіл білімі
Ең алдымен, салыстырмалы-тарихи әдісті қолданушылар
тілдің өткенін зерттеуге, болған-болмағаны беймәлім
жорамалдан туған ата тіл дегенді табуға баса назар аударды.
Сөйтіп, тілдің қазіргі күйін, оның жүйелік, құрылымдық
сипаттарын айқындауға жете мән бермеді. Екіншіден, бұл әдіс
тілдің лексикасын, семантикасы мен синтаксисін зерттеуде
айтарлықтай жеміс бере алмады. Үшіншіден, туыстас тілдердің
өздерінің де бір-біріне ұқсас келмейтін фактілері ескерусіз
қалды.
Анықталып, түп төркіні табылды деген тілдік
элементтердің көпшілігінің қай тарихи кезеңге жататынын
және қай тілде солай болғанын тап басып айту мүмкін болмады.
Төртіншіден, бұл әдіс бірнеше тілдер фактілеріне сүйеніп
қана қорытынды жасады, тілдердің басым көпшілігі, әсіресе,
қандай тілдермен туыстығы белгісіз тілдер зерттеуден шет
қалды. Бесіншіден, туыстас тілдер фактілерін салыстыруда ол
фактілердің хронологиялық жақтарына жете мән берілмейді,
көп жағдайда өзара жалғаспайтын. Бір-бірнен алшақ
жатқан дәуірлер фактілері салыстырылады. Алтыншыдан.
Тілдік фактілерді салыстырғанда, сол тілдердің иесі болып
табылатынқауым тарихына жете мән берілмеді. Тіл тарихы
қоғам тарихына, материалдық мәдениет тарихына жеткілікті
шамада ұштастырылмады.
Ең ақырында салыстырмалы-тарихи әдіс тіл біліміндегі
бірден-бір әдіс деп есептеліп, оның аты ғылым атына
(салыстырмалы-тарихи тіл біліміне) айналды. Бұл ол көтере
алмайтын жүк еді. Бірақ салыстырмалы-тарихи тіл білімі мен
оның зерттеу әдісі – салыстырмалы-тарихи әдіс тепе-тең емес.
Салыстырмалы-тарихи тіл білім – туыстас тілдерді зерттейтін,
туыстық жақындықтарына оларды түрлі семьяға, топқа
жіктейтін, олардың тарихын, тараған аймақтарын, айқындайтын
ғылым. Бұл ғылым мен ол қолданатын әдістің проблемалары
бір емес. Алдыңғының өрісі әдіске қарағанда әлдеқайда кең.
Тіл білімінің дамуына байланысты туған жаңа талаптарға
сай емес. Осындай олқылықтар зерттеудің жаңа амал-тәсілде-
–
39
–
Есеналиева Жанар
ріне көшуге мәжбүр етті. Бірақ бұдан салыстырмалы-тарихи
әдіс қолданудан біржола шығып қалған, қажетсіз тәсіл екен деп
ойлап қалуға болмайды. Ол тіл білімінің даму тарихында елеулі
роль атқарған, орынды пайдалана білсе, әлі де берері көп, қазір
де зерттеудің басты бір тәсілі ретінде қолданылып жүрген әдіс.
Кеңес тіл білімі салыстырмалы-тарихи әдісті кемсітпейді.
Қайта оның барлық жетістіктерін, пайдалы жақтарын сарқа
пайдалана отырып, жетпей жатқан жерлерін жеткізіп,
толықтырады.
Кеңес тіл білімі тілдің тек өткен тарихына ғана емес,
оның қазіргі күйіне де ерекше мән береді. Салыстырмалы-
тарихи әдісті қолданғанда, салыстырылытын тілдік фактілердің
хронологиялық жүйеде болуы ескеріледі және тіл тарихын
қоғам тарихымен, қоғамның материалдық мәдениеті тарихымен
байланыстыра қарайды.
Тіл тарихын зерттеуде жергілікті тіл ерекшеліктер, тіл
біліміне байланысы бар тарих, археология, этнография сияқты
ғылымдар табыстарында ұмыт қалдырмайды. Сонымен бірге
салыстырмалы-тарихи әдісті тіл білімінің бірден-бір әдісі деп
емес , зерттеудің әр түрлі тәсілдерінің бірі деп қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |