Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет34/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Салыстырмалы-тарихи әдіс
 - өзара туыстас, төркіндес 
тілдерді  жеке,  жеке  зерттегені  болмаса,  құрылымы  әртүрлі 


– 
49 

Есеналиева Жанар
тілдерді  бір-бірімен  салыстыра  жинақтап  қарау,  сөйтіп  дүние 
жүзіндегі  тілдердің  барлығына  немесе  көпшілігіне  ортақ 
типтік  сипаттарды  ашу  ісіне  келгенде  дәрменсіз.  Жалпы  тіл 
білімі  тек  тілдер  туыстығын  айқындауды  ғана  көздемейді,  ол 
дүние жүзіндегі тілдердің жалпы сипаттарын, типтік белгілерін 
ашып, тіл атаулының барлығын да қамти алатын типологиялық 
классификация  жасауды  да  көздейді.  Осы  мақсатты  іске 
асыру үшін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеумен қатар 
салыстырудың екінші түрі - типологиялық салыстыру дүниеге 
келді. Лингвистикада зерттеудің бұл түрі салғастырмалы әдіс, 
типологиялық  әдіс,  типологиялық  лингвистика  немесе  тілдер 
типологиясы деп түрліше аталады. Егер салыстырмалы-тарихи 
әдіс тілдің өткені мен бүгінгісіне көңіл бөлсе, салғастырмалы 
әдіс бірнеше тілдің қазіргі кезеңіне көңіл аударады.
Екеуінде  де  тіл  фактілерін  салыстыру  болғанмен, 
типологиялық  зерттеу  –  салыстырмалы-тарихи  зерттеуден 
өзгеше.  Бұлардың  зерттеу  нысандарында  да,  көздейтін  түпкі 
мақсаттарында  да  өзгешеліктер  кездеседі.  Типологиялық 
зерттеуде  туыстас  тілдер  ғана  емес,  бір-бірімен  ешқандай 
туыстық жақындығы жоқ тілдік фактілері де салғастырылады. 
Екіншіден, 
салыстырмалы-тарихи 
әдістегідей 
тілдік 
жүйедегі  жеке  элементтер  емес,  олардың  жүйе  құрылымы 
салыстырылады.  Үшіншіден,  мұнда  тілдік  тұлғалардың 
материалдық  туыстығын  ашу  көзделмейді,  салыстырылып 
отырған  тілдердің  ортақ  белгілерін,  типтік  сипаттарын 
айқындау,  сөйтіп,  тілдерді  типологиялық  белгілеріне  қарай 
жіктеу  көзделеді.  Типологиялық  зерттеудің  алға  қоятын 
мақсаты – барлық тілдерге немесе тілдердің көпшілігіне ортақ 
универсалды, типтік белгілерді ашу /Т.Қордабаев, 1983/.
Лингвистикалық  типологияда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет