–
52
–
Салғастырмалы тіл білімі
белгілі бір тілдің грамматикасы ретінде жеткілікті зерттелген
нысан.
Екінші аспектінің жүгі ауырлау. Ол тек тілдің ерекшелігін
ғана көрсету емес, оның құрылымын және жүйесін ғылыми
тұрғыдан сипаттау ғана емес, сонымен қатар, сол тілдерге ортақ
ерекше жүйелік заңдылықтарды табу, белгілі бір тілдердің тілдік
механизміне ортақ ерекшеліктер мен сәйкестіктерге қарай әлгі
тілдерді біріктіру болып табылады.
Типологияның дамуының алғашқы сатысында белгілі
бір тілдер арасындағы туыстық қатыныстарды айыра білу
талабы тұрды. Бұл құрылымдық ұқсастықты бір негізден
тараған туыстас тілдердің яғни шығу тегі жағынан жақын
тілдердің арасындағы фонологиялық, морфологиялық және
грамматикалық ерекшеліктерді зерттеумен айналысу кезеңі
болды. Тілдердің өзімізге белгілі генетикалық типологиясының
бастамасы осы болатын. Дегенмен, бір-біріне жақын, туыс
тілдерді лингвистикалық талдау тіл білімінің алдына басқа
мәселені қойды. Ол - ареалды типология туралы ұғым.
Ареалды типология тек кейбір мақсат пен міндеттерді
ғана орындады. Себебі жақын және алыс ерекшелігіне қарай,
ареалды типология тілдерді кейде аймақ бойынша, кейде
туыстық жақындығына қарай, кейде географиялық ұстанымға
сәйкес біріктірді.
Лингвистер тілдер арасынан терең ішкі категорияларды
іздей бастады; тілдердің жақындығын ескеріп, лингвистикалық
атлас жасағылары келді. Алайда, сипаттамалы типологияның
бұл кезеңінде тілдерді біріктіру әзірше мүмкін емес еді.
Тілдердің ерекше белгілері, шешілмеген мәселелері бұл
жағдайды көтермеді.
Қазіргі лингвистиканың алдында тілдерді салыстырмалы-
салғастырмалы зерттеу кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені
типология болашақта әртүрлі тілдерді (шамамен 4000 аса тіл бар)
біріктірудің үлкен, керемет картинасын жасап шығуы керек. Бұл
мақсаттың типологиялық лингвистикада бірінші сапта тұрған
себебі - әлем тілдерінің бәрін сипаттап, бір ізге түсірудің, сондай-