Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


құрылымдық (структуралық) әдіс



Pdf көрінісі
бет33/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

құрылымдық (структуралық) әдіс.
 Бұл әдістің 
құрылымдық деп аталуының себебі, мұны қолданушылар тілді 
тығыз  байланыста,  шартты  қатынаста  тұратын,  біріне-бірі 
тәуелді  бөлшектерден  құралған  біртұтас,  бірбүтін  құрылым 
деп есептесе, лингвистиканың міндеті сол құрылымын көрсету  
болып табылады. 
Бұл  әдіс  үстіміздегі  ғасырдың  20-жылдарынан  бастап 
қолдана  бастады.  Оны  алғаш  қолданушылар    -  Чехославакия 
мен  Дания  лингвистері.  Бұл  көзқарасты  жақтаушылар,  яғни 


– 
48 

Салғастырмалы тіл білімі
құрылымдық  әдісті  қолдана  отырып,  тілдің  құрылымын 
зерттеу  –  тіл  білімінің  бірден-бір  міндеті  деп  санайтындар  – 
структуралистер деп аталады.  Структуралық әдістің мақсаты 
-  жоғарыда  айтқанымыздай,  тілді  құрылымдық  жүйе  ретінде 
қарастыру.  Структуралық  әдіс  тілдік  бірліктердің  қарым-
қатынастары  мен  байланыстарын  ашуға,  оның  жүйелік 
құрылымын көрсетуге талпынады. 
Структуралық  әдіс  көп  жағдайда  сипаттамалы  әдіске 
өте жақын. Бұл екі әдістің айырмашылығы: сипаттама әдістің 
ерекше назар аударып, негізге алатыны - тілдік элементтер мен 
категориялар, тілдік деңгейлер /қабаттар/, олардың жиынтығы 
болса,  структуралық  әдістің  ерекше  мән  беріп  басшылыққа 
алатыны  –  сол  элементтер  мен  категориялар  деңгейлерінің 
арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар, олардың бір-
біріне тәуелділігі.
Тілді  структуралық  әдіспен  зерттегенде    тек  тілдік 
элементтерді  ғана  емес  немесе  тілдік  ерекшеліктер  мен 
айырмашылықтар, сәйкестіктер мен ұқсастықтар т.б. ғана емес 
осы элементтерді және сол элементтердің арасындағы  қарым-
қатынастар  мен  байланыстарды  бірге  алып,  екеуін  бірлікте 
қарастыру керек.
Тіл  фактілерінің  ерекшеліктері  мен  өзіндік  қасиеттерін 
ғылыми  негізде  дұрыс  түсінуге,  оларды  белгілі  бір  жүйеге 
келтіріп  қарауға  мүмкіндік  туғызған  тағы  бір  тәсіл  - 
салыстырмалы-тарихи  әдіс  болып  табылады.  Бұл  әдіс  тіл 
білімінде  көптеген  күрделі  проблемаларды  зерттеп,  олардың 
қыр-сырын  дұрыс  зерделеуге  бірқатар  мүмкіндік  жасады. 
Мәселен,  бұл  тәсіл  өмірге  келгеннен  кейін  туыстас  тілдердің 
өзара  қарым-қатынасын,  туыстығын,  сондай-ақ,  әрбір  нақты 
тілдің дамуын кезең-кезеңдерге бөлу тәрізді мәселелер қарала 
бастады. Салыстырмалы-тарихи тәсілдің көмегімен жеке тілдер 
мен тіл топтарының ғылыми тарихын жасауға қадам жасалды. 
Сөйтіп,  ғылыми  тәсіл  тіл  білімінің  жеке,  дербес  пән  ретінде  
дамуына жол ашып берді.                   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет