Морфонология - әртүрлі типтегі морфонемалардың
фонологиялық құрылымын және морфологиялық айыр-
машылықтарды білдіру үшін фонологиялық салыстыруларды
пайдалануды зерттейтін тіл білімінің саласы. Морфонологияның
пәні сөздер мен морфемалардың фонологиялық құрылымы мен
фонемалық құрамы болып табылады.
Палатализация – дауыссыз дыбыстың еріндік, адыңғы не
артқы тілдік артикуляция кезінде болатын тілдің орта бөлігінің
таңдайға қарай көтерілуі.
Парадигма – 1) кең мағынада: бір-біріне қарама-қарсы
қойылған, бірақ ортақ белгісі бар немесе ұқсас ассоциация
тудырушы кез келген лингвистикалық бірліктер тобы;
Парадигматикалық қатынастар арқылы байланыста болатын
тіл бірліктерінің жиынтығы. 2) Осындай жиынтықтың немесе
топтың жасалу (құрылу) моделі немесе схемасы. 3) тар мағынада:
«морфологиялық парадигма» терминінің синонимі (бір сөздің
тұлғалану жүйесі) болады.