Предикатив байланыс – Сөйлем түзуші компоненттер
Предикатталатын компонент пен Предикаттайтын компонент
арсындағы Синтаксистік байланыс.
Предикатив байланыс
болмысы аталмыш компоненттерді ойды жеткізу, Сөйлемелік үшін
ұйымдастыруда көрінеді. Предикатив байланыс екі жақты сипатта
болып келеді және Предикативтіліктің - Шақ, Модалдылық, Жақ
– орыс тілінде, жақ пен Сан- қаз.т. синтаксистік категориялары
арқылы беріледі. Қазіргі қаз.т. грамматикаларында Бастауыш пен
Баяндауыш арасындағы жақ және сан жағынан байланысын қиысу
деп қарастыру дәстүрге айналған, мыс., Болат келді. Ата мен әже
шешті.
Предлог – Бағыныңқы және атаушы сөйлем мүшелері
немесе сөз тіркестері арасында әр түрлі бағыныңқы қатынасты
білдіретін морфологиялық тұрғыдан өзгермейтін көмекші
сөз. Прелог - көп жағдайда зат есімнің алдында (немесе оған
қатысты сын есімнің) немесе есімдіктің алдында қолданылады.
Роман тілдерінде Предлог инфинитивтің алдында тұруы мүмкін.
Зат есімнің септік категориясы бар тілдерде Предлог септік
мағыналарын нақтылайды. Предлог бағыныңқы сөзбен бірге
синтаксистік тұтастықты (бірлік) құрайды. Генетикалық тұрғыдан
Предлог түбір (ор.т. к, по, за, от, на) және туынды (ор. т. вдоль,
вокруг, навстречу) болып ажыратылады. Сонымен қатар құранды
(ор.т. в течении, из-под, независимо от, судя по) түрлері де
кездеседі. Предлог көптеген тілдерде бар (үнді-еуропа, семит).
Оның қызметін өзге тілдерде мысалы, түркі тілдерінде Послелог
(Шылау) атқарады.
Препозиция – Басқа единицалардың (Морфема, Сөз)
алдында тұратын тілдік единицаның орны (Аффикс, Артикль т.б.).