Байланысты: Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля
Салғастырмалы тіл білімі – Тіл білімінің
саласы. Кез-
келген Тілдер негеологиялық арақатынастары мен типологиялық
құрылымдарына қарамай С.т.б. зерттеу объектісі болып табылады.
Тілдердің өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындау –
С.т.б. мақсаты. С.т.б. үшін тілдің құрылымдық сәйкестіктері мен
өзгешеліктерін белгілеу бірдей маңызды. Тілдің түрлі деңгейлері
мен элеметтері – грамматикалық құрылым, құрылымдық-
семантикалық ұқсастықтар мен ерекшеліктер, тілдің лексика-
семантикалық категориялары бір мазмұнның түрлі тілдерде
берілу тәсілдері және басқалар бір-бірімен салғастырылады.
Тілдерді жүйелі түрде сипаттауды синхронды тұрғыда жүзеге
асыра отырып, С.т.б. олардың өзіндік белгілерін немесе жүйелі
идиомалылығын айқындайды. С.т.б. негізін Салғастырмалы әдіс
құрайды. Көздеген мақсаттарына қарай С.т.б. – Салғастырмалы
грамматика, Салғастырмалы лексикология, Салғастырмалы
стилистика салаларына ажыратылады.