Байланысты: Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля
Салғастырмалы әдіс – екі немесе одан да көп тілдерді
шығу тегінің ортақтығына немесе әр түрлілігіне қарамастан,
арасындағы салғастырылатын тілдердің айырмашылықтарын
айқындау үшін салыстырудың ғылыми әдісі. Бірдей дәрежеде
бұл әдісті контрастивтік деп та атайды. Осы әдіспен
Контрастивтік лингвистиканың негізі айқындалады. XVIII-
XIXғғ. грамматикаларда қарапайым салғастырушылық бар. С.ә.
идеясын теориялық жағынан қалыптастырған И.А. Бодуэн де
Куртенэ. Өзіндік принциптерімен, лингвистикалық әдіс ретінде
салғастырушылық тек XX ғ. 30-40 жж. Қалыптаса бастады.
С.ә. теориясы мен тәжірибесіне елеулі үлес қосқандар – Е.Д.
Поливанов, Л.В. Щерба, С.И. Бернштейн, Ш. Балли.