Махмұт Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-
Құсайын ибн Мұхаммед) (1029–1101)
– түркі тілдерінің
тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-ғалым,
атақты «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегінің авторы. Туған жері,
ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі
Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе
Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған
Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген.
Қарахан әулетінен.
Қашғарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген.
Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын
–
41
–
Есеналиева Жанар
Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғырханның немересі. Ол
Қашғарда білім алып, Бұхара мен Бағдадта оқуын жалғастырған.
Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика,
Құран, шариат пен хадис бойынша білім алған.
Араб-парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін жақсы
меңгерген. XI ғасырда «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегін жазып,
түркі тілдерінің мәртебесін көтерді. Кітапта тек түркі сөздерін
теріп жазып, өзге тілден енген сөздерді қолданбаған. Сөздіктің
түпнұсқасы жоғалған. А. Абулфатхтың 1266 жылы жасаған
көшірмесі 1915 жылы Ыстамбұл базарында ескі заттарды
сатушының арбасынан табылған. Қазір Ыстамбұлдағы Фатих
кітапханасында сақтаулы тұр.
3 томнан, 8 кітаптан тұратын еңбекте 6800 түркі сөздері
ғылыми жүйеге түсірілген. Ғалымның бұл кітабы ерте орта
ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы сияқты. Ол
түркітану тарихында тұңғыш рет тарихи-салыстырмалы әдісті
қолданып, диалектология ғылымының негізін салды. Түркі
тайпаларының ерекшеліктерін сақтай отырып, тіл байлығын
зерделеу, айтылу, жазылу, заңдылықтарын, қолдану аясына
қатысты айырым белгілерін зерттеу ғалымның басты ұстанымы
болды. Сөздерге түсінік беруде 242 бәйіт пен 262 мақал-мәтелді
пайдаланды. Ауыз әдебиетінің жоқтау («Алып Ер Тоңға өлді
ме?»), айтыс («Жаз бен қыстың айтысы») үлгілерін де қамтыды.
Кітапта ерлік істерді мадақтаған, табиғат көріністері
мен ғашықтықты жырлаған жыр шумақтары кездеседі. Түркі
топырағында Яссауиден басталады деп танылып келген
сопылық поэзия үлгілерін Махмұт Қашқаридің сөздігінен
табуға болады. Ғалым өз сөздігінде 29 тайпаның этноним,
топонимдерін, туыстық атаулары мен киім-кешек, тағам
аттарын, салт-дәстүр ерекшеліктерін атап көрсетіп, ұсақ
рулардың таңбаларына дейін сипаттайды. Сол кездегі түркі
халықтарының дүниені қабылдауы, этникалық нормалары мен
құндылықтары, өзін-өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әртүрлі
тайпалар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан
мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар
–
42
–
Салғастырмалы тіл білімі
жайында (Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы)
құнды мәліметтер келтіріледі.
Ғалымның дөңгелек картасы ең ежелгі түркі картасы
ретінде белгілі. Мұнда ол түркі халықтарының таралым
аймағын көрсетеді. Кітапты түзуде бірнеше жылын сарп етіп,
1072–1078 жылдары Бағдад қаласында жазып бітірген. Махмұт
Қашқаридың «Түркі сөздігінен» басқа «Китап-и-джавахир ан-
нахв фи луғат ат-түрік» («Түркі тілдері синтаксисінің құнды
қасиеттері туралы») атты еңбегі болған, бірақ кітап біздің
заманымызға жетпеген. Ғалым өзінің кітабы туралы «Түркі
тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы
әбден дәлелдейді»,-дей келе былай жалғастырады:
«Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері
мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым.
Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты.
Соларды мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім.
Мәңгілік ескерткіш әрі таусылмас әдеби-көркем мұра боп
қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа
„Түркі сөздерінің жинағы“ деп ат қойдым. „Жинақты“ сегіз
бөлімге топтастырдым. Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға
болатын түбір сөздерін ғана алдым. Түркі халықтарының
бәйіт-жырлары мен мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім.
Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен
кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын
тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа
халықтық мұраны қаз-қалпында жеткізу мақсатымен қиянға
қанат қағып, әсемдік әлем - мәңгілік өмірге біржола жолдама
алдым».
Әрине, М.Қашқаридің классификациясын бүгінгі
жетілдірілген топтастырумен салыстыруға келмейді. Бірақ
ғұлама топтастырудың негізгі ұстанымдарын дұрыс ажырата
білді. Ол түркі тілдерін орналасу орнына қарай екіге бөліп
қарастырды:
1. Қашқар қаласынан жоғары шыңға дейінгі аралықты
мекендеген түркі тайпаларының тілі;
–
43
–
Есеналиева Жанар
2. Қашқар қаласынан Румға дейінгі аралықты мекендеген
түркі тайпаларының тілі.
М.Қашқаридің «Сөздігі» біздің дәуірге қолжазба күйінде
бір ғана нұсқада келіп жеткен. Ол М.Қашқаридің өз қолымен
жазғаны емес, 1266 жылы Мухаммед ибн Абу-Бакир ибн Абул-
Фатих ас-Сави көшірген нұсқасы. Бұл қолжазба Стамбулда
Ұлттық кітапханада сақтаулы екендігі жоғарыда айтылды.
М.Қашқаридің «Диваны» 1960, 1961, 1963 жылдары өзбек
тілінде С.Муталлибовтың аудармасымен жарық көрсе,
Қазақстанда тұңғыш рет «Түбі бір түркі тілі» деп 1998 жылы
Қ.Бекетаев және Ә.Ибатов тәржімелеген.
Түркітанушы, ғалым, сыншы А.Егеубаев «Түрік сөздігі»
деп аударып, ғұлама жайында былай деп жазды: «Түркі
тілдерінің жинағы – түрік дүниесінің әлемдік ғылым қазынасына
қосқан ұлы мұрасы. Үш томдық бұл зерттеу еңбегі күллі түркі
тілдерінің тұңғыш әрі аса терең мағыналы ғылыми сипаттамасы.
Бұл кітап 1997–1998 жылдары қазақ тілінде жарық көрді.
Сахараның ұлы ғалымы, біртуар ойшылы тіл зергері
Махмұт Қашқари «Түрік тілдерінің жинағын» барлық түрік
текті ұлыс, тайпаларды аралып жинап, зерттеп, талдап барып
жазған. Күллі түрік елдерінің әдебиеті мен тілін салыстырмалы
түрде зерделеп түзіп шыққан алғашқы энциклопедиялық кітап.
ХІ ғасырдың бұл энциклопедиялық терең мазмұнды
зерттеуі қазіргі түркі тектес ұлттардың ежелгі мәдениетінде
қайта жаңғыру үрдісі жаңа бағыт алған тұста аса қажетті
де пайдалы еңбек. Ана тіліміздің, туған әдебиетіміз бен
мәдениетіміздің түп негіздері, төл заңдылықтары осы білікті
зерттеу беттерінде жұлдыздай жарқырап көрінеді.
«Диван» түркіше-арабша сөздік болғанымен, автор
сөздерді түсіндіріп, оның мағынасын анықтау үстінде басқа
түркі тайпалары тілінде кездесетін мағыналық ауытқулар
мен дыбыстық өзгерістерді салыстыра отырып, оларға шолу
жасайды. Сондықтан да М.Қашқариды түркологияда бірінші
болып салыстыру әдісін қолданған ғалым деп айтуға құқымыз
бар.
–
44
–
Салғастырмалы тіл білімі
Сонымен, түркологияда салыстырмалы-тарихи зерттеуге
негіз салған М.Қашқари. Алайда, академик Ә.Қайдаровтың
айтуынша, ғұлама салыстырмалы-тарихи әдісті толық қолдана
алмаған: түркі халықтарының тек тіл жағынан туыстық
ұқсастығы болмаса, ол олардың өзіне дейінгі тарихын, даму
жолын талдамаған.
Түркі тілдерін тілдік (фонетикалық, морфологиялық)
тұрғыдан топтастыру – классификациялау, сөйтіп әрбір тілдің
түркі тілдері құрамындағы орнын айқындау М.Қашқаридан
басталады десек те, классикалық тіл білімі түркі тілдерін
ғылыми негізге сүйеніп топтастырудың тарихын ХІХ ғасырдан
бастайды. Олардың өзара байланысы мен классификациясын
анықтау түрколог-лингвистер үшін ерекше маңызды
мәселелердің бірі болып табылады.
ЮНЕСКО 2008 жылды ғұлама ғалымның туғанына 1000
жыл толуына орай «Махмұт
Достарыңызбен бөлісу: |