Байланысты: Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля
Салыстырмалы әдіс арқылы шыққан зерттеу нәтижесі
ана тілі мен шет тілін салыстыра оқыту әдістемесінде кең түрде
пайдаланылады. Әсіресе, шет тілін үйренуде оның маңызы өте
зор. Салғастырмалы тіл білімдік зерттеуде әдеттегідей тілдік
жүйедегі жеке элементтер емес, тілдің өзіне тән бүкіл жүйелік
құрылымы салыстырылады.
Ғылымда «типологиялық зерттеуді сипаттама зерттеудің
жалғасы, соның екінші басқышы» деген пікір бар. Бұл орынды
да, өйткені типологиялық салыстыру үшін, алдымен дүние
жүзіндегі тілдердің әрқайсысының құрылымдық сипаттары
жеке-жеке зерттелген болуы керек. Типология сол айқындалған
құрылымдық сипаттарды өзара салыстыра қарау арқылы
тілдерде болатын ортақ қасиеттерді, типологиялық белгілерді
айқындайды.