Х. Самоди тілдері семьясы.
Бұған ненец, энец, тавгий,
нганасан, селькуп тілдері жатады.
Бұл семьялардың ешқайсысына жатпайтын тілдер де
бар. Олар: жапон, корей, т.б. тілдері. Себебі бұлар әлі түгел
зерттелініп біткен жоқ. Зерттеушілердің айтуынша жапон,
корей тілдерін алтай тілдері тобына жатқызуға болатын сияқты.
«Алтай тілдерін» кейбір ғалымдар жоғарыда аталған біраз
тілдер семьяларын біріктіріп, Алтай тілдері және Орал тілдері
деп екіге бөледі де, Алтай тілдеріне: түркі, монғол, тұңғыс-
манжұр, корей, жапон тілдерін, ал Орал тілдеріне: фин-угор,
самодей, дарвид (Үндістанда) тілдерін жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |