Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Агглютинативті  (жалғамалы) тілдер



Pdf көрінісі
бет59/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

3.2. Агглютинативті  (жалғамалы) тілдер
Тілдердің  агглютинативті  типіне  түркі  тілдері,  монғол 
тілдері,  угро-фин  тілдері    т.  б.  енеді.  Бұл  типтің  тілдеріне 
тән  бірден-бір  қасиет  –  агглютинация  құбылысы,  яғни 
жалғамалылық  /склеивания/.  Сондықтан  да  ол  жалғалмалы 
тілдер деп те аталады.
Агглютинация  -  негізге,  түбірге  жалғанатын  сөзжасам 
немесе сөз түрлендіретін аффикстер жалғану арқылы жасалған 
сөзжасамның немесе форма жасамның бір түрі. Фонетикалық 
жақтан    өзгермейтін  түбірге  (негізге)  біріңғай  стандартты, 
қосымшалар  жалғанады.  Түбірге  қанша  морфема  жалғанса 
да,  ол  ешқандай  фонетикалық  өзгеріске  ұшырамайды,  сөздің 
құрамдық  жігі  айқын  сақталады.  Қосымшалар  бір-біріне 


– 
83 

Есеналиева Жанар
жалғанғанда  дыбыстық  өзгеріске  түсіп  кірігіп  кетпейді. 
Қосымшалардың әрқайсысы негізінде бір ғана грамматикалық 
мағынаны білдіре отырып, бірінің үстіне бірі жүйемен жалғана 
береді. Олардың ара жігі  айқын көрініп тұрады. Аффикстердің 
дыбыстық  варианттары  сингармонизм  нәтижесінде  пайда 
болады. Сонымен қатар, агглютинативті тілдердегі аффикстердің 
белгілі  бір  үлгі-қалпы  бар.  Олар  негізінен  бір  ғана  мағынаны 
білдіретін қасиетке ие. Бұл -  бір грамматикалық мағынаны бір 
ғана аффикс береді, бір аффикс бір ғана грамматикалық мағына 
ие  деген  сөз.  Агглютинация  флектив  тілдерге  қарама-қарсы 
типологиялық параметр ретінде қаралады.
Сонымен,  агглютинативті  тілдерде  грамматикалық 
мағыналар  түбірге  аффикстердің  жалғануы  арқылы  беріледі. 
Тілдердің  бұл  түрінде  аффикстердің  әрқайсысы  көбіне  бір 
ғана грамматикалық мағынаны білдіреді де, олар бірінің үстіне 
бірі  жалғана  береді.  Мысалы,  қазақ  тілінде 
біл
  деген  сөзге 
бірнеше  аффикс  жалғап,  ол  сөзді 
білім,  білімдер,  білімдерім, 
білімдерімнен
  деген  түрде  айтуға  болады. 
Білімдерімнен 
деген  сөздің  құрамындағы 
біл 
морфемасы  –  негізгі  морфема 
да,  қалғандары    -  көмекші  морфемалар  (аффикстер).  Негізгі 
морфемаға жалғанып тұрған – 
ім
  жұрнақ, 
-дер
 - көптік жалғауы, 
-ім-
 тәуелдік жалғауы, 
-нен
 – шығыс септік жалғауы. Ал қазақ 
тілінде 
қанағат
+
сыз
+
дан
+
дыр
+
ыл
+
ма
+
ған
+
дық
+
тар
+
ың
+
ы
з
+
дан   
 деген сөз 36 әріптен, 11морфемадан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет